5 желтоқсан күні № 31 кітапхана-филиалында №12 балалар кітапхана-филиалымен бірлесіп, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы талдқылауға арналған «Уақыт үндеуіне жауап» атты пресс-ақпарат өткізді. Мақсаты: оқушылардың адамгершілік құндылық бағыттары мен ұлттық санасын жетілдіруге әсер ету, белсенді өмірлік ұстанымдарын, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, мемлекетіміздің өткені мен бүгіні туралы білімдерін тереңдету, Қазақстанның жаңғыру бағыттары бойынша ой-өрістерін дамыту. Шара барысында еліміздің ортақ мақсаты - Н.Назарбаевтың мақаласындағы кең көлемдегі өзгерістерді түсіну, қоғамның санасында Тәуелсіздіктің құндылықтары мен отансүйгіштікті нығайта түсу, мемлекетіміздің әрі қарай дамып, тұрақты да бай ел болуына әрбір азаматтың үлес қосуы қажеттігі жөнінде әңгімеленді. Оқушылармен бірге «Қазақ тілін латын жазуына көшіру», «Қазақстанның 100 жаңа есімі», «Туған жер» сияқты арнайы бағдарламалар талқыланды. Шараның қорытындысында «Туған жер» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.Шараға 15 адам қатысты, 25 басылым ұсынылды.