29 қараша күні №22 кітапхана-филиалында  жазушы Ғабиден  Мұстафиннің туғанына 115 жыл толуына орай «Көркем сөздің шебері»  әдеби шығармашылық сағаты өтті. Мақсаты: оқырмандарды жазушының өмірбаянымен, шығармашылығымен таныстыру, оқушыларға  дарынды жазушының шығармаларын  оқуды насихаттау арқылы өз өлкесін сүюге, патриотизмге тәрбиелеу, көркем әдебиетке деген қызығушылығын дамыту.  Шара барысында оқушылар Ғ.мұстафиннің өмірбаянымен және проза жанрындағы құнды шығармаларымен таныстырылды, қазақ жазушысының рухани кемелденуі, замана жыршысы болып қалыптасуы жөнінде әңгімеленді. Оқушылар «Шығанақ», «Миллионер», «Қарағанды», «Дауылдан кейін», «Көзкөрген» романдарына қызығушылық танытып, кітапханашымен бірлесе талдау жасады. . Шара соңында «Сөз зергері» атты кітап көрмесіне шолу жасалды. 

Изображение 001 minИзображение 017 min



Яндекс.Метрика




Яндекс.Метрика