5 желтоқсан күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында М.Әуезов атындағы  Орталық қалалық кітапханасы КСРО халық әртісі, театр және кино режиссері А.Әшімовтің туғанына 80 жыл толуына орай «Кино әлемінің корифейі» атты Арт-көрме ұйымдастырылды. Мақсаты: Тәуелсіз Қазақстанның тарихына деген құрметті, Отанға деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімдерін, патриоттық пен азаматтыққа тәрбиелеу, қазақ халқының көрнекті өкілдерін туралы білімдерін кеңейту. Шараға ҚарМУ студенттері, №3 гимназия, №52, №68 ЖББОМ оқушылары қатысты. Шара барысында  А.Әшімовтің өмірбаяны мен шығармашылық өнер жолынан мол мағлұмат берілді. Қатысушыларға Асанәлі Әшімовтің кино әлеміндегі Қазақстандық бренд болып табылатыны,  қазақ шығармашылық ортасының корифейі және мемлекеттің құрметті азаматы екендігі жөнінде түсінік берілді.  Көрме кино таспасының үлгісінде әзірленіп, актердің әр жылдарда түскен фильмдерінде рөлін сомдаған кейіпкерлерімен таныстырылды және  фильмдерден үзінді-бейнероликтер көрсетілді.  Асанәлі Әшімовтің 80-жылдығына арналған «Шарайна – шындық шебері» атты деректі фильмі ұсынылды және  өз еңбектері мен шығармашылығы туралы әдебиеттердің ашық көрмесіне библиографиялық шолу жүргізілді. «Кино әлемінің корифейі» арт-көрмесімен 150 адам танысты.

 

DSC 0206 minDSC 0219 minDSC 0223 minDSC 0233 min 

7 желтоқсан күні №31 кітапхана-филиалында көрнекті актер Асанәлі Әшімовтің 80 жылдық мерейтойына арналған «Көркем кино өнерінің корифейі» атты АРТ-көрме ұйымдастырылды. Мақсаты: оқырмандарды Қазақстанның өнер адамдарының өмірбаянымен және қызмет жолымен таныстыру, кино актері А.Әшімовтің шығармашылығының маңызы мен өзектілігін атап өту, эстетикалық және адамгершілік тәрбие беру. Көрмеде қазақтың театр және кино өнерінің аңызына айналған тұлғаның өмірбаяны мен қызметін ашып көрсететін құжаттар ұсынылды. Шараға .... адам қатысты.

12

 

Яндекс.Метрика

Яндекс.Метрика