21 караша күні М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханада Бүкіл әлемдік ЖҚТБ-мен күрес күніне арналған "ЖҚТБ туралы: әр қадам сайын» атты түйткілді әңгіме сағаты өткізілді. Шараның мақсаты: ЖҚТБ проблемасының маңыздылығы жөнінде түсініктерін қалыптастыру, өз өмірі мен өзге адамдардың өміріне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу. Шара барысында оқушылар ЖҚТБ инфекциясының проблемасымен және оның алдын алу жолдарымен таныстырылды. Қазіргі уақытта бұл мәселе өзекті болып отырғандықтан медицина қызметкерлерімен қатар атқарушы органдар мен мемлекеттік ұйымдардың, жалпы халықтың көңіл бөлуі қажет екендігі жөнінде түсінік берілді. ЖҚТБ түйткілді мәселесінің алдын алу туралы бейнеролик көрсетілді және викторина өткізілді, «ЖҚТБ туралы: әр қадам сайын» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.