100 Жаңа есім
25 мамыр күні М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханасында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында «100 жаңа есім» атты кездесу кеші болып өтті. Іс-шараның мақсаты: еліміздегі рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту, оқырмандардың бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына туған халқына, жеріне деген құрмет құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру. Туған жерге еңбегі сіңген азаматтардың еңбегімен танысу. Кәсіпкер, бес бизнес жобаны қалаушы А.Тосқанбаевтың «Union of mainers» компаниясының жетекшісі А.С.Шәріпжанов пен «100 жаңа есімге» үміткер Заң ғылымдарының кандидаты, ҚарМУ-нің азаматтық және еңбек құқықтары кафедрасының доценті М.Ж.Жасқайрат, ҚарМТУ студенттері мен оқытушысы Е.Ж.Аубакиров қатысты. Шара барысында «Union of mainers» компаниясының жетекшісі А.С.Шәріпжанов алғаш компанияның құрылғанын тілге тиек етіп слайд арқылы «100 жаңа тұлға» жобасының Қарағанды облысынан шыққан алты жеңімпаздарының бірі 26 жасар қарағандылық кәсіпкер бес бизнес-жобаның негізін қалаушы Арман Тосқанбаевтың іскерлігі жөнінде әңгімеледі. Арман Тосқанбаевтың «Мен үшін жеңімпаздардың бірі атану – үлкен құрмет, және де бір жағынан үлкен жауапкершілік. Мен бизнес өкілі болып табыламын. Менде 5 түрлі компания бар. Олардың ішінде ең танымалы – «Отан» сағат өндіру компаниясы – Қазақстанда жиналатын сағаттар. Сонымен қатар мен Қарағандыда орнатылған инновациялық жылыжайлармен де танымалмын. Мені жас болғандықтан таңдап алды, мүмкін мені өскелең ұрпаққа үлгі болу үшін алға қойған болар. «Рухани Жаңғыру» - бұл әлем бойынша баламасы жоқ жоба. Елбасының бұл жобаға салатын бастамалары революциялық болып табылады. Олар Қазақстанды ондаған жылдарға алға бастыртады», - деген сөзі жастарға үлгі-өнеге ретінде ұсынылды. «100 жаңа есімге» үміткер ҚарМУ-нің Заң ғылымдарының кандидаты, азаматтық және еңбек құқықтары кафедрасының доценті М.Ж.Жасқайрат та Астана қаласындағы Қазақстан Ұлттық мұражайында Елбасының «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласының шыққанына бір жыл толуына орайластырылған таныстыру көрмесінде өз еңбегінің еленгенін ұжымының қолдауының арқасында қатысқанын студент жастарға айтып берді. Кеш соңында Ауғанстаннан Қазақстанға оқуға келген студент Айдын Түрік Қазақстанда бизнестің қарқынды жүріп жатқанын, оның қыр-сырын білу үшін «Union of mainers» компаниясының жетекшісі А.С.Шәріпжановпен сұхбаттасты.
Менің қолтаңбам
Авторлық кітапқа жазушының өз қолтаңбасымен сыйға тартылған кітабы.
Абзал Бөкен
Суйиндик Жанысбай
Жас қаламгерлер
Жәнібек ӘЛИМАН – 1990 жылы мамыр айының 25 жұлдызында Қарағанды облысы Шет ауданы Өспен ауылында дүниеге келген. Өспен ауылындағы Сәкен орта мектебін тәмамдап, 2008 жылы Академик Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың филология факультетінің журналистика бөлімін аяқтаған. Қазір аталмыш оқу орнының магистрі. Облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің тілшісі. «Махаббат өмір бастауы» атты облыстық жас ақындар жыр мүшайрасынан І орын, «Махаббат, қызық мол жылдар» облыстық ақындар мүшайрасынан ІІІ орын, Ұлы Жеңістің 65-жылдығына арналған «Күркіреп күндей өтті ғой соғыс» атты аймақтық жас ақындар мүшайрасынан жүлделі ІІ орынды иеленді. 2012 жылы Алматы «Қазақ энциклопедиясы» баспасынан шыққан республикалық «Жаңа ғасыр жырлайды» атты жас ақындар антологиясына, 2013 жылы «Дала дарыны» атты сериямен жарық көрген «Сарыарқа сазы» атты жас ақындардың жыр жинағына өлеңдері енді. 2011 жылғы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына, дауылпаз ақын Қасым Аманжоловтың 100 жылдық мерейтойына арналған «Дүниеге келер әлі талай Қасым…» атты ІІ облыстық ақындар мүшайрасында ІІІ орынға ие болды.Облыстық М.Жұмабаев атындағы мүшәйрада бас жүлде (2013 ж).
Ақын 1989 жылы 14 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданының Шыңғыстай ауылында дүниеге келген. 2011 жылы академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің филология факультетін тамамдаған. Өлеңдері облыстық, республикалық басылымдарда жарияланып тұрады. Қазір аталмыш университеттің екінші курс магистранты. Халықаралық «Шабыт» фестивалінің дипломанты. Республикалық М.Мақатаев мүшайрасының жүлдегері ( 1-орын). 2013 жылы «Жылдың үздік ақыны» (Қарағанды облысы), Қарағанды қаласы әкімінің «Дарын» сыйлығының иегері(2007). «Ақ қайың болсын есімің...» жыр жинағының авторы(2014). Бүгінгі таңда «Орталық Қазақстан» газетінің тілшісі.
АянаМейраша1993 жылы Қарағанды облысы, Қарқаралы өңірінде дүниеге келген. Бірнеше облыстық, республикалық жыр мүшайралырының жеңімпазы, Халықаралық «Шабыт» фестивалінің дипломаты. «Саған арнадым» кітабының авторы.
Абай ОРАЗ - жас ақын. 1994 жылы Қарағанды облысында туған, Республикалық байқаулардың жеңімпазы. Өлеңдері мерзімді баспасөз беттерінде жарияланып тұрады.
Ерболат Қуатбек – 1991 жылы 26 наурызда Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Жарасбай ауылында дүниеге келген. «Сынық айна» кітабының авторы (2013). Өлеңдері республикалық һәм облыстық басылымдарда жиі жарияланып тұрады. «Арқа ақшамы» газетінің жауапты хатшысы.
Жоламан Әйткен 1996 жылы, 18 наурызда Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Жұмат Шанин ауылында дүниеге келген. Академик Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің филология факультетінің түлегі. "Жыр жазамын жүрегімнен" атты жыр жинақтың авторы.
Айзада Рахымжанова - 1991 жылы Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Ақтау ауылында дүниеге келген. ҚарМУ-дың филология факультетін тәмамдаған. Бүгінде аталмыш оқу орнының магистрі.Өлеңдері «Қасымнан – ғасырға» атты аудиоантологияға енген. Ж.Тәшенов атындағы «Жылдың үздік ақыны» атты жыр додасында «Жылдың жалынды ақыны» (2012ж), 2013 жылы «Дала дарыны» атты сериямен жарық көрген «Сарыарқа сазы» атты жас ақындардың жыр жинағына өлеңдері енді.
Мұстафин Сұлтан (Аrlan) Ұланұлы 1996жылы қазан айының 18 де Қарағанды қаласы Нұра ауданы, Амантау ауылында дүниеге келген. Бүгінде Оралхан Бөкей, Мағжан Жұмабаев, Қасым Аманжолов атындағы жыр мүшәйраларының жеңімпазы. Мәнерлеп оқу жанры бойынша халықаралық фестивальдің лауреаты. 2017 жылы ұйымдастырылған «Өнер саласының майталманы» атты республикалық байқаудың проза жанры бойынша бірінші орын жүлдегері.
Ораз – Ай Майролқызы 27 қаңтар 1998 жылы дүниеге келген.Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы, Ботақара кентінің тумасы. Өлең жазуды 8 – сыныптан бастап жазған. Алғаш ақындық қасиетті таныған ұстазы Ақан Құмай. Ораз – Ай көптеген конкурстарға барып жүлдеге ие болған.10-сыныптан бастап елімізге белгілі ақын, айтыскер ақын, «Жүрсіннің жүйрігі» Дидир Қамиевтен сабақ алып, ақындық жолға бет бұрған. Бүгінгі таңда Орталық Қазақстан академиясының филология мамандығының 1 курс студенті.
Ерік Сейсенұлы Нарынов 1997 жылы Қарқаралы ауданы, Қасым Аманжолов атындағы ауылда дүниеге келген. Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетінің филология факультетінің 4-ші курс студенті. Өлеңдері облыстық, республикалық басылымдарда жарық көрген. «Мұқанов көшесінде....» атты поэзиялық кеші өткен. Алғашқы өлеңдеріне қазақ поэзиясының аға буын өкілдері жақсы лебіз білдірген.
Айзада Көшербаева Серікқызы 1994жылы 6 шілде күні Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Бастал ауылында дүниеге келген. Болашақ академиясының филология факультетін тәмамдаған. Республикалық «Алақай ,балақай», «Балбұлақ» журналдарында ертегілері жарияланып келеді.
Арманына жеткен етікші
Ерте, ерте заманда ай десе аузы, күн десе көзі бар, сұлу ханшайым өмір сүріпті. Барлық жігіттің арманы сол сұлу ханшайымды бір көру екен. Ханшайымның жолында құрбан болса да, армандары жоқ болыпты.Қанша сұлу болғанмен ханшайым қатыгездік танытып,өзін іздеп келгендерді өлім жазасына бұйыруын тоқтатпайды. Сұлу ханшайымды бір көруге ынтыққан етікші жігіт болыпты. Бір күні шешімге келіп, жолға шығады. Жолда келе жатса, алдынан аяғын қақпанға түсіріп алған, жаралы қасқыр шығады. Етікші қасқырға көмек көрсетіп, қақпанын алып тастайды. Қасқыр алғысын білдіріп, керек кезде жанынан табылатынын айтып , жоқ болады. Етікші әрі қарай жүре береді. Шыр –пыр етіп, аспанға бір көтеріліп, бір түсіп, үлкен алып құс ұшып жүреді. Қараса,балапаны ұясынан құлап қалыпты. Балапанды көтеріп, ұясына салады. Алып құс алғысын айтып, керек кезде дереу ұшып келетінін айтады. Аяңдап тағы жүре береді. Алдынан ауыр жүк көтеріп келе жатқан кәрі әжей шығады. Етікші әжейдің жүктерін көтерісіп, шығарып салады. Әжей алғысын айтып, қиналған кезде, көмек көрсететін айтады. Ханшайымның сарайына келіп, уәзірлерге ханшайымды көргісі келетінін айтады. Уәзірлері етікшіні келеке етіп, қуып жібереді. Етікші олардың қуғанына қарамай, ханшаймның бөлмесіне терезеден кіреді. Ханшайым айнаға қарап, шашын тарап тұрып, айнадан артында біреудің тұрғанын көріп, шошып кетеді. Дереу уәзірлерін шақырып, басын алуды бұйырады. Етікшіні қасқыр келіп, жауыз уәзірлерінен құтқарып алады.Алған бетінен қайтпай, терезеден өрмелеп,ханшайымға барады.Ханшайым уәзірлерін шақырып алып, биік шыңнан құлатыңдар -деп бұйрық береді. Уәзірлері етікшіні құздан құлатып, қайтып кетеді. Алып құс ұшып келіп, етікшіні арқасына отырғызып алып, ханшайымның бөлмесінің терезесінен түсіріп кетеді. Бұны көрген ханшайым дереу уәзірлерін шақырып, оны ешкім көрмейтін, адам аяғы баспайтын жерге апарып тастауды бұйырады. Етікшінің қол – аяғын байлап, ешкім көрмейтін, адам аяғы баспайтын жерге апарып тастайды. Өзіне көмектескен кәрі әжей келіп, етікшіні құтқарып алады. Ал, ханшайым болса, етікшінің қайсар-қайтпас мінезін ұнатып, өзінің іздеген жігіті екенін ойлап қайғыра бастайды. Терезеден қарап тұрса ,алдынан етікші келе жатады. Ханшайым қуанғанынан етікшіні құшақтай алады. Етікші армандаған мақсатына жетіп, ханшайыммен бақытты ғұмыр кешеді.
*****
Айлакер түлкі
Ерте, ерте заманда үш дос : аю, қасқыр, қоян тату – тәтті өмір сүріп жатыпты. Үшеуінің достығына барлық аңдар қызыға да, қызғана қарайды екен. Бір күні сол орманға қутыңдаған қу түлкі көшіп келіпті. Үш досты көре алмаған ол араларын араңдатуға тырысады. Қоянға келіп қасқыр досыңды керемет қылып жер көкке сыйдырмай мақтайсың, ал, ол болса қыстың қамын жазда ойла – деп сені сойып жеп, теріңнен өзіне қолғап тігіп алмақшы – депті.
Бұны естіген қоян қасқыр досына қатты өкпелеп қалады. Түлкі болса ішінен мырс – мырс күліп, мына ақмақты қатырдым – ау деп кетіп қалады. Қасқырға келіп қоянды жамандай бастайды. «Аю досың сені қысқыға сойып жеп, теріңнен байпақ тігіп алмақшы екен. Оны қоян досың айтып отыр»- дейді. Қасқыр болса, «неге қоян өзіме айтпады» деп өкпелеп қалады. Аю досына қатты ренжіп келе жатса, алдынан аю шыға келеді. Досының сәлемін дұрыс алмай, оған тура бас салады. «Сен, мені сойып жеп, терімнен байпақ тігіп алам депсің қоянға. Біз дос емеспіз бе?Саған не болған» деп ұрыса жөнеледі. Аю болса аң – таң болып түк түсінбей тұрып қалады.
Үш достың осылай аралары ашылып, орманнан үшеуі үш жаққа көшіп кетеді. Достар бір – бірін сағынып, өздері жиі бас қосатын киелі бұлаққа келіп, мұңдарын шаға бастайды.
Қоян айтады: қасқыр досым мені сойып жеп, терімнен қолғап жасамақшы – деп мұңға батады. Қасқыр досы да мені аю сойып жеп, терімнен байпақ тігіп алмақшы екен.Біз айырылмас дос едік қой –деп ол да мұңға батады. Үшінші бұрышта аю достары да келіп, мұңын шағып отырады. Үшеуі қайта достасып, бір – бірінен кешірім сұрап, араларына қу түлкінің түскендерін біледі. Ал, түлкі болса өз ісіне мәз, үш ақымақты бір сөзбен – ақ айырдым – ау деп, үшеуінің үйіне кіріп – шығып жүріпті.
Мұны көріп тұрған достар түлкі мыстанды үш жаққа тартып, жұлмалайды. Түлкі барлық қатесін түсініп, сендердің достықтарыңды көре алмай іш тарлық танытқаныма кешіріңдер – деп жалынады. Достар түлкіні кешіріп, әрі қарай тату - тәтті өмір сүреді.
*****
Ең қымбаттым –өз мекенім
Бұл ерте,ерте ертеде емес,ертеден бергі заманда да емес,күні кеше ғана болған оқиға екен.Аң патшасы арыстан өз мекенінен зерігіп, өзіне ыңғайлы тұрақ іздеуге жолға шығады. Ұзақ,ұзақ –күн жүреді,түн жүреді.Бір күні шаршаған арыстанның алдынан табиғаты әсем, қалың ну орман кездеседі. Мұндай табиғаты әсем жерді бұрын сонды көрмеппін – ау дейді арыстан айналасына қарап.Мен, өзі қандай мекенге тап болдым, -деп сұрайды алдынан кездескен аюдан. Аю арыстанға таң қалып,бұл Қарқаралының ну орманы.Бізде қонақта болыңыз, біздің орманымыз сізге ұнайды – деп ойлаймын дейді. Арыстан қонақ болып, «Қонақ жайларыңа рахмет. Мен әрі қарай өзіме қолайлы тұрақ іздейін», – деп аңдармен қоштасып одан әрі жүріп кетеді.
Айлап, апталап талай жерді жүріп өткен арыстан үлкен кесек тастар шашылып жатқан бір жерге келеді. Бұл не қылған тастар өзі - деп жан – жағына көз тастап келе жатса, алдынан бір қоян шығып:
-Қош келдіңіз, аң патшасы арыстан аға. Бұл Қарағандының көмірлі даласы,-деп таныстырады.
Таңданғанын жасыра алмаған арыстан:
-Е, сендер қара алтынның ортасында өмір сүреді екенсіңдер ғой, ал сендерде өзі орман бар ма ?– деп сұрайды.
Арине,арыстан аға,жүріңіз көрсетейін-дейді қоян.
Арыстан бір күн қонақ болып,шаршағанын басып, аңдарға рахмет айтып жолға шығады. Жолда зәулім ағашы мен әсем үйлері бар бір шаһарға тап болады. Бұл ағаш неткен биік еді – деп таң қалып қарап тұрады. Ағаштың ұшар басында секіріп ойнап жүрген тиіндерга қарап, «- Бұл қандай жер?», - деп сұрайды. Тиіндер ағаш басынан түсіп :
Бұл біздің Қазақстанымыздың бас қаласы - Астананың «бәйтерегі» -дейді.
Арыстан: «Астана өте әдемі қала екен, осындай бақыт ағашы бәйтеректер көбейе берсін», - деп қуанышын білдіреді.
Арыстан жылдап, айлап, апталап талай елді, талай жерді көреді. Көрген жерлері көңілінен шықпайды.Қанша жерден сұлу,әсем табиғатты көрседе, өз мекеніне жетпейтінін түсінеді. Сөйтіп, өзінің сүйікті орманына қайтып оралады.
Бағдат Мүбәрак – шығармашылығы ғасырымыздың басынан бері жарық көріп, тырнақалды жыр жинақтары көпшіліктің жылы ықыласына бөленген ақын. Бағдат ақынның шығармашылығы мен өмірі туралы біле аласыздар. Біздің анықтама:
Бағдат Мүбәрак - 1978 жылы 17 ақпанда Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай селосында дүниеге келген. Ө.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің филология факультетін 1998 жылы тәмамдаған.
Қалалық «Балқаш өңірі», облыстық «Орталық Қазақстан» газеттерінде және «Қазақстан-Қарағанды» телеарнасында, Қазақ радиосында қызмет еткен. Облыстық, республикалық жыр мүшәйралардың лауреаты. 2009 жылы мемлекеттік тапсырыспен «Жалын» баспасынан «Құсни хат» атты жыр жинағы жарық көрген.
Автор шығармаларына сілтеме - Алтынкүрек
- Соңғы жаңалықтар
- Бейне жаңалықтар
Қөмірмен даңқын шығар…
22-10-2024 Hits:170 Алаштану Super User
Қөмірмен даңқын шығарған Қарағанды
Ары қарай оқуҰмытар ма, Әлиханды, и…
22-10-2024 Hits:198 Алаштану Super User
Ұмытар ма, Әлиханды, исі қазақ баласы
Ары қарай оқуДеятели Алаша
Деятели Алаша
Алаш қайраткерлері
Алаш қайраткерлері
Авторлық шарт жасалған ақындар мен жазушылар
Авторлық шарт жасалған ақындар мен жазушылар
Тарихтан сыр шерткен ескерткіштер
Тарихтан сыр шерткен ескерткіштер
«Оқудың ерекше тәсілдері» тренингі
14 шілде күні Мұхтар Омарханұлы Әуезов атындағы кітапхананың балалар бөлімінде жазғы оқу бағдарламасы аясында «Ресурс» түзету - дамыту орталығы үшін «Оқудың ерекше тәсілдері» тренингі өтті. Іс - шара барысында ұлдар мен…
«Абай әндері қалықтасын» атты кездесу кеш
Абай мұрасы - адамды адам етіп тәрбиелеудің, жан - жақты дамыған зияткер тұлға қалыптастырудың қайнары деп білеміз. Абай тағылымы арқылы бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне қажет рухани мұраларды сіңіру, жастарымыздың бойына ізгіліктің…
Балалар жазушысы Жақан Жұпармен кездесу
25 шілде күні М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапхана қызметкерлері «90 жылдыққа - 90 кездесу» жобасы аясында Қарағанды қаласының Орталық мәдениет және демалыс саябағында «Киіз үйдегі кітапханада» «Чипси мен шибауырсақ» кітабының…
Запастағы генерал-майор Мирлан Қызыловпен кездесу
«Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-де «90 жылдыққа 90 кездесу» жобасы аясында ҚР ІІМ құрметті қызметкері, запастағы генерал-майоры, заң ғылымдарының кандидаты, профессор Мирлан Қызыловпен «Әділдік жолындағы азамат» атты кездесу кеш…
"Киіз үйдегі кітапхана" жобасың ашылуы
6 шілде күні "Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ, Қарағанды қаласының ОКЖ қолдауымен "Астана күні" мерекелеу аясында Орталық мәдениет және демалыс саябағында "Киіз үйдегі кітапхана…
- 1
- 2
- 3