«Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-де «90 жылдыққа 90 кездесу» жобасы аясында ҚР ІІМ құрметті қызметкері, запастағы генерал-майоры, заң ғылымдарының кандидаты, профессор Мирлан Қызыловпен «Әділдік жолындағы азамат» атты кездесу кеш өтті. Кеш қонақтары: Заң ғылымдарының кандидаты, запастағы полиция полковнигі, «Облыстық қазақ тілі және мәдениеті қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Серімов Елеужан Елемесұлы, запастағы полиция полковнигі Ізбасқан Нысанқұлов, дәстүрлі әнші Ержан Базарбеков, Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының I курс курсанттары, Қарағанды қаласының жастар ресурстық орталығы, Қарағанды облысы "Жасыл ел" жастар еңбек жасақтарының тобы, «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығының мүшелері, Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы ауданының қоғамдық ардагерлер кеңесінің мүшелері қатысты. Кездесуде модератор оқырмандарға Мирлан Қызыловтың ұзақ жылдар бойы құқық қорғау саласында еңбек еткен жолдарына, ең төменнен бастап, генерал-майор шеніне жеткені туралы ақпарат беріп өтті. Кездесу барысында кеш кейіпкері оқырмандарға өзінің балалық, студенттік шағы және генерал-майор болғанға дейінгі өткен жолы, өмірінің қызықты, әсерлі сәттері туралы баяндап берді. Іс-шара барысында М.Қызыловтың ұстаздары, әріптестері, замандастары ақпаратпен бөлісті. Қатысушылар кеш кейіпкеріне сұрақтарын қойып, еркін форматта пікірлесті. Сондай-ақ, кітапхана қорына өзі жазған кітабын да сыйға тартты. Іс-шара соңында модератор қонақтарға алғысын білдіріп, кездесуді қорытындылады.

- Соңғы жаңалықтар
Жалаңтөс (Соқыр) батыр
04-09-2026 Hits:11 Сарыарқа батырлары
Super User

ЖАЛАҢТӨС (СОҚЫР) БАТЫР ҚҰЛЫҚҰЛЫ 1698 – 1775 Жалаңтөс батыр Құлықұлы – Арғын Қаракесек руының Сарым бұтағынан шыққан, жоңғар шақыншылығына қарсы соғыста көзсіз ерлігімен даңққа ие болып, қол бастаған ақиық қаһарман. Халық...
Ары қарай оқуКітап көрмесі
02-09-2026 Hits:6 Соңғы жаңалықтар
Акжан

📚🌿 OPEN AIR LIB — кітаппен ашық аспан астында!«OPEN AIR LIB» акциясы аясында Қарағанды кітапханалары Орталық саябақта кітап сүйер қауымға арналған жаңа кітаптар көрмесін ұйымдастырды. 🌳📖Көрме барысында оқырмандар заманауи әдебиеттермен...
Ары қарай оқуOPEN AIR LIB акциясы Майқұд…
13-08-2026 Hits:33 Соңғы жаңалықтар
Акжан

2026 жылғы 10 тамызда «Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ қызметкерлері OPEN AIR LIB акциясы аясында Майқұдық саябағында ұлы ойшыл, ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының күніне арналған «Абай мұрасы – кітапта»...
Ары қарай оқуOPEN AIR LIB
10.08.2026ж. Орталық саябақта «OPEN AIR LIB» акциясы аясында кітап сүйер қауымға арналған мазмұнды кітап көрмесі ұйымдастырылды. 🌿📖Шараға №7, №27, №15 және №11 балалар кітапханасы филиалдары бірлесіп қатысып, оқырмандарға Абай Құнанбаевтың…
Жаңа кітапхана – жаңа мүмкіндіктер
Кітап — білімнің қайнар көзі, рухани дамудың және жаңа мүмкіндіктердің бастауы. Осы орайда Бауыржан Момышұлы көшесі, 28 мекенжайында орналасқан Бауыржан Момышұлы атындағы кітапхана өз есігін оқырмандарға айқара ашты! 🤍📖 Кітапхана —…
Тарихи-мәдени және дендрологиялық талдау негізінде Қарағанды қаласының қалалық бірегейлігінің тұғырын қалыптастыру
Қала келбеті – оның тарихы мен табиғатының үндестігінен қалыптасады.М.О. Әуезов атындағы Орталық қалалық кітапханада «Тарихи-мәдени және дендрологиялық талдау негізінде Қарағанды қаласының қалалық бірегейлігінің тұғырын қалыптастыру» тақырыбында жобалық семинар өтті.Іс-шара барысында…
Жаңа кітапхана – жаңа мүмкіндіктер
Қарағанды қаласы әкімдігінің қолдауымен «OPEN AIR LIB» акциясы аясында «Жаңа кітапхана – жаңа мүмкіндіктер» атты жазғы аула кітапханасы жоғары деңгейде ұйымдастырылды.Іс-шара Қарағанды қаласы, Б.Момышұлы көшесі, 28-үй мекенжайында өтті. Дәл осы…
Астана арман қала
03 шілде күні «Жазғы оқу» бағдарламасы аясында Астана күні қарсаңында «Астана арман қала» атты танымды-ақпараттық сағат өтті. Шараға № 23 мектеп лагерінің балалары қатысты. Кітап көрмесі ұйымдастырылып, ойын викториналар ойнатылды. …
Домбыра – рухани қазына
М.О. Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханада Ұлттық домбыра күніне орай «Домбыра – рухани қазына» атты тақырыптық кітап көрмесі ұйымдастырылды.Көрме аясында кітаптардан домбыра пішініндегі ерекше инсталляция жасалып, ұлттық өнердің символына айналған…
Табиғат достары
М.О. Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханада «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Табиғат достары» атты танымдық ойын ұйымдастырылды.Іс-шараға BALÁLEM білім орталығының оқушылары қатысып, табиғатты қорғау, қоршаған ортаны аялау және экологиялық…
Жасай бер - жайна Астана
4.07.2026 Астана күніне орай №1 жасөспірім және №8 кітапхана- филиалдарының қызметкерлері 31775-ші әскери бөлімде “Жасай бер - жайна Астана” атты танымдық сағатын өткізді. Филиал меңгерушілері Г.Б. Қосжан және Г. А…
OPEN AIR LIB: Қарағанды кітапханалары
Осы жазда Қарағанды кітапханалары өз кеңістігін кеңейтіп, қала тұрғындарына ашық аспан астында жаңа форматтағы мәдени іс-шараларды ұсынады! Шілде мен қазан айлары аралығында «OPEN AIR LIB: Қарағанды кітапханалары» жобасы аясында қала…
- 1
- 2
- 3




