Archived Articles

                                                                                                                                                                                                                                                                             

"Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" ММ-нің қолдауымен "Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ-де ақын, жазушы, драматург, ұстаз, мемлекет қайраткері, Қазақстан қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі Сәкен Сейфуллиннің туғанына 130 жыл толуына орай «Сәкен - жырдың сарқылмас дариясы» атты байқау өтті. Байқауға Сәкен Сейфуллин атындағы гимназияның оқушылары мен ұстаздары қатысты. 15 оқушыдан өтінім келіп түсті. Байқаудың әділқазылар алқасының мүшелері: ҚР оқу, ағарту ісінің үздігі, Ы.Алтынсарин төс белгісінің, "Ерен еңбегі үшін" медалінің иегері К.Төлеуханова, С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театрының актеры А.С.Жұмамұратов, С.Сейфуллин атындағы гимназия кітапханашысы Ә.К.Баекина. Әділқазылардың шешімі бойынша 1 орынды 7"Б" сынып оқушысы Маханов Расул Алишерович, 2 орынды 5 "Ә" сынып оқушысы Ахат Рүстем Ерланұлы, 3 орынды 5 "Б" сынып оқушысы Абылай Райана иеленді. 6 "Б" сынып оқушысы Елеукен Фариза, 8 "Б" сынып оқушысы Кәбір Зарина, 8 "А" сынып оқушысы Ермекова Даяна ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.

439688730 970795601382917 4286711127173827091 n   439727437 970794388049705 2897564410001967461 n   440953008 970794514716359 7572840762940290558 n

  1. Соңғы жаңалықтар
  2. Бейне жаңалықтар

Сарыарқа төріндегі ке…

20-02-2025 Hits:13 Соңғы жаңалықтар Акжан - avatar Акжан

2025 жылдың 11 ақпанында М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханада Қарағанды қаласының 91 жылдығына орай «Сарыарқа төріндегі кеншілер шаһары» атты мерекелік іс-шара өтті.Мерекелік іс-шараға Академик Е.А.Бөкетов атындағы ЖББОМ оқушылары және №2...

Ары қарай оқу

Халықаралық кітап сый…

20-02-2025 Hits:16 Соңғы жаңалықтар Altin - avatar Altin

 Халықаралық кітап сыйлау күні - қарапайым және мейірімге толы, барлық адамзатты кітап оқуға шақыратын ерекше мейрам. Осы мерекеге орай "Қарағанды қ. орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ-ның М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханасының...

Ары қарай оқу

Қөмірмен даңқын шығар…

22-10-2024 Hits:279 Алаштану Super User - avatar Super User

Қөмірмен даңқын шығарған Қарағанды    

Ары қарай оқу

 

 

 

 

Яндекс.Метрика