Archived Articles

                                                                                                                                                                                                                                                                             

Бүгін, 2024 жылдың 6 сәуір күні Қарағанды қаласының әкімдігі, "Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ, сондай-ақ "Меридиан" туристік фирмасының қолдауымен "Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ-де Қарағанды қаласының 90 жылдық мерейтойы аясында "Тарихтан сыр шертеді, менің қалам" ақпараттық экскурсиясы бастау алды.
Бұл экскурсияның мақсаты - балалар мен жасөспірімдерді туған қаласы туралы қызықты деректермен және тарихымен таныстыру, әрі қарай олардың туған өлкенің тарихын зерттеуге деген қызығушылықтарын ояту.
Жоба аясында "Султик" жан-жақты даму клубының қатысушылары, "Өнерлі бала" поэзия-шығармашылық клубының мүшелері және белсенді ата-аналар үшін алғашқы экскурсия өткізілді.
"Білуге уақыт келді!" ұранымен автобус қала көшелерімен жүріп, экскурсовод Гульжан Социаловна Кударинованың жетекшілігімен оның терезелерінен ұлдар мен қыздар қаланың маңызды нысандарын көріп, олардың тарихымен танысып, Қарағанды туралы көп мағлұматтар білді. Экскурсия аясында балалар Қарағанды қаласының негізгі аудандары - Майқұдық, Михайловка, Оңтүстік-Шығыс аудандарын аралады. Экскурсия барысында кітап оқуды насихаттау жүргізілді, балаларға маршрутқа байланысты кітаптар туралы айтылды, ойындар мен флешмобтар өткізілді. Экскурсия қызықты, танымды және позитивті өтті. Барлық қатысушылар риза болып, жоба өз мақсатына қол жеткізді.
 
435899443 956955199433624 7741180464184974928 n копия     435972455 956955252766952 6915161467047727149 n копия     436130281 956955132766964 4060306800607580585 n копия
  1. Соңғы жаңалықтар
  2. Бейне жаңалықтар

Сарыарқа төріндегі ке…

20-02-2025 Hits:13 Соңғы жаңалықтар Акжан - avatar Акжан

2025 жылдың 11 ақпанында М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханада Қарағанды қаласының 91 жылдығына орай «Сарыарқа төріндегі кеншілер шаһары» атты мерекелік іс-шара өтті.Мерекелік іс-шараға Академик Е.А.Бөкетов атындағы ЖББОМ оқушылары және №2...

Ары қарай оқу

Халықаралық кітап сый…

20-02-2025 Hits:16 Соңғы жаңалықтар Altin - avatar Altin

 Халықаралық кітап сыйлау күні - қарапайым және мейірімге толы, барлық адамзатты кітап оқуға шақыратын ерекше мейрам. Осы мерекеге орай "Қарағанды қ. орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ-ның М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханасының...

Ары қарай оқу

Қөмірмен даңқын шығар…

22-10-2024 Hits:279 Алаштану Super User - avatar Super User

Қөмірмен даңқын шығарған Қарағанды    

Ары қарай оқу

 

 

 

 

Яндекс.Метрика