Балалар әдебиеті

 

АТАУЫ/НАИМЕНОВАНИЕ

 
1 0002

Ақыш Н. Тау ішіндегі тауқымет [Мәтін]: хикаяттар, әңгімелер / Н.Ақыш. – Алматы: «Алаш» баспасы, 2021. – 384 б.

Танымал жазушының бұл жинағына жас оқырмандарға арналған шытырман оқиғалы шығармалары еніп отыр. Жеткіншектердің туған жерін, өз Отанын сүюге деген құштарлығы жалаң насихатпен емес, шиеленісті, тартысты жағдайлар арқылы көрініс тауып жатады. Хикаяттардың қай-қайсысы да жетектеп әкететін тосын оқиғалаларға толы. Жас кейіпкерлердің мінез-құлықтары қызықты да шиеленісті сюжеттердің үстіне ашыла отырып, тағылымдық қырларымен де әсер етеді.

 1 0024

Алдар көсе [Мәтін] / құраст. Г.Ақжолова. – Нұр-Сұлтан: Фолиант, 2021. – 144 б., ил.

Алдар көсе – қазақ ауыз әдебиетінің кейіпкері, ақылды айлакердің, зерделі қудың жиынтық бейнесі. Аңыз-әңгімелерде өзінің асқан айлакерлігі арқылы мұратына жетіп отырды. Алдар көсе қазақтың нанымында халықтың қамқоршысы ретінде білгілі. Оның әр қаракеті бай, менменсоқ, зорлықшыл адамдардың тәубесін есіне түсіріп, ақылмен алдап, ел алдына масқаралап, халық қошеметіне бөленген.

Жинақта Алдар туралы әңгімелер беріліп, суреттермен безендірілген.

 1 0025

Алпамыс батыр: эпостың баяны [Мәтін] / балаларға лайықтап әңгімелеген А.Сейдімбек. – Нұр-Сұлтан: Фолиант, 2021. – 180 б.

Халық ауыз әдебиетін телегей-теңіз мол мұра десек, сол теңізді құрайтын аса ауқымды арнаның бірі – эпикалық жырлар. Ал солардың ішіндегі ең бір келісті де көрнектісі «Алпамыс батыр» жыры екені даусыз. Автор осы жауһар туындыны оның көркемдігі мен сурет-бояуына қылаудай да залал тигізбей, әсер-сезімін еш төмендетпей, бірақ ойлау, пайымдау, саралау, қабылдау қабілеті әлі толық қалыптасып үлгермеген жас жеткіншектердің таным-түсінігіне лайықтап, қара сөзбен әсерлі баяндап шыққан. Шығарманың тілі де тартымды, ұғынықты, қарапайым.

«Алпамыс батыр» жырының қара сөзбен баяндалып, көркем безендірілген бұл нұсқасы жас ұрпақтың ойын ұштап, қиялын қанаттандыратын кезекті рухани олжасы боларына күмән жоқ.

 1 0004

Асқар О. Ауыл балалары мен қала балалары [Мәтін]: өлеңдер, ертегілер, поэмалар, жұмбақтар, жаңылтпаштар / О.Асқар. – Алматы: «Таймас» баспа үйі, 2021. – 240 б.

Оразақын Асқар ересектерге де, балаларға да өлең жазған көрнекті ақын. «Ауыл балалары мен қала балалары» деп даралаумыз шартты үғым. Ол бөлу емес, қайта тұтастырып, қоса түсу. Әдетте ауыл баласы «барсам» деп қаланы аңсайды. Қала баласы «көрсем» деп ауылды көксейді. Осы табиғи ұмытылмастар Оразақын өлеңдерінде нанымды да заңды, көркем де көнілді көрініс табады. Жинаққа өлеңдер, ертегілер, поэмалар, жұмбақтар, жаңылтпаштар енген.

 1 0021

Асқар, О. Балалар әлемі [Мәтін]: балаларға арналған өлеңдер, аңыздар, ертегілер, поэмалар, жұмбақтар, жаңылтпаштар / О.Асқар. – Алматы: «Жалын баспасы», 2021. – 672 с.

Оразақыннның «Балалар әлемі» деп аталатын бұл кітабында бөбектерді жіті қадағалау барысында жазылған бала тілінің бал екенін дәлелдейтін қызықты сөз, іс-әрекет, қылықтары, өнегелі өмірлері нанымды да көркем, көңілді көрініс табады.

Сондай-ақ ақынның өзі қызмет еткен қала өмірі, демалыста, іссапарларда аралап көріп-білген жер көріністері, ел тұрмысы, ауыл тіршілігі, ағайын-туған, отбасы қарым-қатынастары оның өлең-жырларынан жан-жақты әсерлі көрініс табады.

 1 0017

Байбақұлы О. Бәсіре [Мәтін]: өлеңдер / О.Байбақұлы. – Алматы: «Таймас» баспа үйі, 2021. – 128 б.

Баланың бал қылығы, талап-талғамы, тапқырлығы, еңбекқорлығы, мақтаусүйгіштігі, қиял-ойға толы шақтары және туған жерге деген сүйіспеншілігі – О.Байбақұлының «Бәсіре» атты кітабының арқау-желісі.

 1 0019

Байхонов С. Сара апамның сабақтары. Өзіңді өзің танып ал [Мәтін] / С.Байхонов. - Нұр-Сұлтан: Фолиант, 2021. – 80 б.

«Бөбек» қорының президенті Сара Алпысқызының «Өзіңді тану» бағдарламасының негізінде дайындалған бұл танымдық кітап балабақша тәрбиеленушілері мен төменгі сыныпта оқитын бүлдіршіндер үшін қосымша оқу құралы ретінде пайдалануға өте қолайлы. Бағдарламаға «Сара апамыздың сабақтары» деген атпен енген өлеңдер Халықаралық «Дарабоз» жабық бәйгесінің 2013 жылғы бірінші бәйгесін, 2014 жылғы бас бәйгесін және алтын медалін жеңіп алған.

 1 0016

Беркімбаева Ә. Дәуіт атайдың ертегілері [Мәтін]: аңыз-әңгімелер / Ә.Беркімбаева. – Нұр-Сұлтан: Фолиант, 2021. – 88 б.

Бұл оқиға Жоңғар Алатауының етегінде, Бүйен өзені ағып жататын кішкентай бір ауылда болған еді. Ел басына қиын заман туған кез. Соғыстан қайтқан ер адамдар саусақпен санарлықтай еді, сөйтіп, бар ауыртпалық әйелдер мен балаларға түсті.

 1 0015

Жаңылпаштар [Мәтін] / құраст. Г.Ақжолова. – Нұр-Сұлтан, 2021. – 64 б.

Жаңылтпаш – қазақ ауыз әдебиетінің ажырамас бір бөлігі. Бұл – адам ойын сергіту, тіл байлығын арттыру, әріп пен сөздерді анық айтуға үйрететін жаттығу түрі.

Жаңылтпаш ойын-сауыққа жиналған жұртты күлдіру, жас ұрпақтың тілін ұстартып, әр түрлі сөзді шапшаң айтуға үйрету мақсатымен пайда болған.

Қазіргі кезде жаңылтпаш жаңа мазмұнға ие болып, түрі мен мазмұны жағынан молыға түсті. Жас ұрпақты достыққа, бірлікке, адамгершілікке, ізгі қасиеттерге тәрбиелеудің маңызды құралына айналды.

 1 0005

Жұманова З. Күйәйша, Рокфеллер және басқалар [Мәтін]: әңгімелер, хикаят, ертегілер, мысалдар, аудармалар / З.Жұманова. – Алматы: «Таймас» баспа үйі, 2021. – 240 б.

Қолдарыңызда қазіргі қазақ қаламгерлерінің арасында алғашқылардың бірі де бірегейі болып отбасы құндылықтары саналатын салт-сананы, тәрбие-танымды, түйсік-түсінікті тереңнен толғап, толайлы ой елегімен өрнектеп келе жатқан жазушы, Қазақстан жазушылар одағының мүшесіЗаря Жұмановнаның «Күләйша, Рокфеллер және басқалар» атты кітабы.

Кітап Күн көзіне күле қараған баладан, төрде тасбих тартқан дананың талғам-таразысына ортақ етіп жазылған.

Кітап «Өмір балалар көзімен» атты алғашқы бөлімінде әңгімелер, хикаят пен аударма шығармалар, ал «Алақай-ау, алақай!» атты екінші бөліміндезамануи ертегілер мен мысалдар топтастырылған.

 1 0028

Кастрючин В. Ержүрек кұмырсқа [Мәтін] / В.Кастрючин. – Нұр-Сұлтан: Фолиант, 2021. – 72 б., ил.

Кітап жәндіктердің таңғажайып өмірі: амазонка-құмырсқалар мен орманның жирен құмырсқалары арасындағы шайқас; орманда адасқан жанның бәріне көмектесуге асығатын Жарқырауық қоңыз; ерекше тапсырма – ханшайым-дернәсілді құтқару жүктелген Лазиус атты құмырсқаның басынан кешкен қызық оқиғаларын баян етеді.

Бастауыш сынып оқушыларына арналған.

 1 0010

Күмісбайұлы Ш. Бабамдай болғым келеді... [Мәтін]: шағын хикаят / Ш.Күмісбайұлы. - Алматы: «Балалар әдебиеті», 2021. – 240 б.

Белгілі балалар жазушысы Шакен Күмісбайұлының жаңа туындысы «Бабамдай болғым келеді» деп аталады. Кітап бір хикаят, балаларға арналған көптеген әңгімелдерден, ертегілерден тұрады. Уаққыттың жаңа өзгерістеріне сай хикаят пен әңгімелердің тақырыбы да әр алуан. Негізгі мақсаты: жас өскіннің Отанына деген сүйіспеншілігін ояту, бала психологиясын уақытқа сай қалыптастыру, тәрбиелеу, жақсылыққа, амандыққа баулу, десек, шүбәсіз шындық. 

 1 0011

Қалдыбаев Ә. Сағындым сені, інім! [Мәтін]: әңгімелер / Ә.Қалдыбаев. – Алматы: «Таймас» баспа үйі, 2021. – 240 б.

Бауырмалдылық, ағалық ақыл, інілік ізет, адалдық атаулыны болашақ ұрпақтың тұла бойына тұндырып, оны ту етпек әрбір қалам иесінің міндетті. Осы тұрғыдан алғанда «Бауыржан деген бала бар», «Ата», «Тыртық сыры» т.б. әңгімелеріне осы аталмаш қасиеттердің бәрін тоғыстыра біліп, жасөспірімдерді жақсылық жолына жетелейді.

 1 0009

Қалиұлы С. Құйғыт, қане, тұлпарым [Мәтін] / С.Қалиұлы. – Алматы: «Өнер 21-ғасыр», 2021. – 168 б.

Сұлтан Қалиұлы – бүкіл шығармашылық өмірін балаларға арнаған аса көрнекті қазақ ақыны. Оның қаламынан туындаған жырларды Қазақстанның түпкір-түпкіріндегі ұландар,  балалар мен жасөспірімдер әрдайым жатқа айтып келеді.

«Құйғыт, қане, тұлпарым» деген атпен жарық көріп отырған жинағына,  негізінен, ертегілері енген. Олардың сюжеті қызық, тілі жатық.

 1 0023

Оспан С. Қоңырау [Мәтін]: өлеңдер, жумбақтар, жаңылтпаштар, ертегілер, аңыздар / С.Оспан. – Алматы: «Таймас» баспа үйі, 2021. – 240 б.

Белгілі ақын С.Оспан «Қоңырау» атты кітабына балаларға арналған өлеңдер, жаңылтпаш-жұмбақтар, аңыз-ертегілер топтастылған.

Автор халық фольклорының тамаша нұсқаларына сүйене отырып,туған тілдің туырлық-туын тік ұстап, ойға қонымды, бойға сіңімді жыр-аңыздың желісін түзіп, жасөспірім жеткіншектерді жеңісті күндерге жетелейді.

 1 0014

Салықбай Ә. Айдана мен Ақжолтай [Мәтін]: әңгімелер мен хикаяттар / Ә.Салықбай. – Алматы: «Томирис21», 2021. – 192 б.

Бұл кітапқа өздерің сияқты балдырғандарға арналған бір топ шығарма енген. Осынау шап-шағын әңгімелер мен хикаяттарды зер сала оқисың, Айдана, Асылтай, Құралай, Нұрәділ, Санжар және Нартай есімді достарың табандылық пен төзімділікті, қайсарлық пен ыждағаттылықты үлгі етеді. Тек өзің жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге жалықпасаң болғаны.

Автор басқа да шығармаларындағы ұлттық бояуға бай, ізгілікке іңкәр кейіпкерлері арқылы өзің сияқты балғын оқырмандарды ізгілікке, имандылыққа, жасампаздыққа үндейді.

 1 0008

Сарыбай Б. Ақтабан [Мәтін]: әңгімелер мен хикаяттар / Б.Сарыбай. – Алматы: «Таймас» баспа үйі, 2021. – 240 б.

Өмірді өлеңмен өрмектей білген ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Бейбіт Сарыбай қара сөздің де сеңіне күмп беріп, көпшілік қауым көз қадап оқитын туындылар туындатып келе жатқан қалам иесі. Оның қаламынан қағаз бетіне түскен әңгімелері мен хикаяттары адам ойына ай қосып, теңіздей тебірентіп, толғандыра беледі.

Қолыңыздағы мынау «Ақтабан» атты кітапта да күлдіруші күнге күпсізген өмір-өзен жайлы сыр толғар туындылар таудай толғақтап барып, көз жетпес көкжиекке көңіл күйін арқаулатып-ақ тастайды. Оны «Мөп-мөлдір көздің қарасы», «Шеткері ұйдің тағдыры», «Естелік», «Қараағаш», «Көктем. Ақ бұлақтар» болып арна түзер әңгіме-хикаяттарын оқып отырып ұғынасыз.

 1 0003

Сәрсеков А. Алақай [Мәтін]: өлеңдер, ертегілер, мысал, хиқаяттар, аңыз, мақалалар / А.Сәрсеков. – Алматы: «Таймас» баспа үйі, 2021. – 240 б.

Тараз топырағында туып-өскен қаламгер А.Сарсековтың «Алақай» атты бұл кітабына өлең-тақпақтары, жұмбақ-жаңылтпаштары, ертегілері және «Айша бибі» аңыз дастаны еніп отыр.

Ақын жақсыдан үйренуді, жаманнан жиренуді өз шығармасында жиі қозғап, жас оқырманын ойлы болуға үгіттейді.

 1 0013

Сопыбеков А. Көңілді біздің күніміз [Мәтін]: өлеңдер, мысалдар, ертегілер, аңыздар, поэмалар / А.Сопыбеков. – Алматы: «Таймас» баспа үйі, 2021. – 304 б.

Бұл кітапқа А.Сопыбековтың Отанға, туған жерге, табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімді арттыратын, ержүректілікке, еңбексүйгіштікке, кішіпейлділікке, жақсылыққа жетелейтін жыр-өлеңдері енген. Ақынның әр тақпақ-өлеңдерінің, мысалдары мен ертегі, аңыздарының астарында жатқан уытты да әдемі әзілдер оқушының намыс отын оятары айдан анық.

 1 0006

Файзуллаұлы Ә. Өтірік айтпайтын күн [Мәтін]: әңгімелер, ертегілер, хикаят, аңыз-дастандар, сахналық қойылымдар / Ә.Файзуллаұлы. – Алматы: «Таймас» баспа ұйі, 2021. – 272 б.

Әдебиет әлеміне келген уақыттан балаларға базарлық жасап, барқыт кілем өмірден өрнек іздеп, ой түйіндеген белгілі жазушы Әлібек Файзуллаұлы тағы да жасөспірімдер кітапханасы сөресіне «Өтірік айтпайтын күн» атты туындысын ұсынып отыр.

Туындының туы – талап-арман, кішіпейілділік, адалдық, арлылық, ерлік пен елдік... осы атаулы қадыр-қасиетттер жазушының «Жақсы көру», «Сағыныш», «Өтірік айтпайтын күн» әңгімелерінің, «Өмірдің мәні», «Алтын елеуіш» ертегілерінің ерен қабырға-желісіне айналған.

 1 0001Шагатай

Шағатай Ж. Ауылдың кішкентай археологтары [Мәтін] / Ж.Шағатай. – Алматы: «Асыл сөз» баспасы, 2021. – 240 б.

Белгілі қаламгер Жаңабек Шағатай өзіндік ойлы өрнегі, сыршыл әрі көркем жазу машығымен ерекшеленетін жазушы. Ол аз жазса да, саз жазатындығын ешқашан айныған емес. Автордың «Ауылдың кішкентай археологтары» кітабы жас кейіпкерлердің біртінеп өсіп, есею сатыларына арналған.

 1 0012

Шойбекова Г. Тұғрылханның Көк Туы [Мәтін]: әңгімелер, хикаяттар / Г.Шойбекова. – Алматы: «Таймас» баспа үйі, 2021. – 240 б.

Жасөспірімдер кітапханасының сөресі қалам ұшынан «Тоты аралының тұрғыны», «Өмір сүру ережесі» атты туындылар туынтқан жазушы, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты Гүлзат Шойбекованың «Тұғрылханның Көк Туы» атты шығармасымен толығып отыр. Айтар ойы астарлы, шымыр шығармада шынығып өскен қазақ балаларының кешегі-бүгінгі әртүрлі тағдыр-талайлары, болмыс-бітімі шынайы суреттеледі.

Жазушы жалпы жұрттан жалпақ дүниедегі жалау көңілдің жалынан да, жарығын да жасырмайды, оны тым әспеттеп те асырмайды. Мейілінше мейіздей қалпында, қадап айтсақ, қаз-қалпында жеткізе біледі. Бұл жетістікті сіз «Тұғрылханның Көк Туы», «Сынық ойыншық», «Мұғалім» әңгімелері мен «Үш бала», «Сағыныш», «Таймас қара және оның әжесі» т.б. хикаяттарынан танып білесіз. 

 1 0020

Ыбрайұлы К. Шуақ [Мәтін]: өлеңдер, жұмбақтар, мысалдар, аңыздар / К.Ыбрайұлы. – Алматы: «Таймас» баспа үйі, 2021. – 160 б.

Қазақстан Республикасы «Білім беру ісінің үздік қызметкері», «Мәдениет саласының үздігі», «Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, ұстаз, сазгер, ақын Көмек Ыбрайұлы балаларға арналған жиырма шақты кітаптың авторы.

К.Ыбрайұлы ынтымақ-бірліктің, адалдықтың арнасын өз шығармасының өзекті желісі етіп, жас өркендерді партиоттық тәрбиеге баулып, тілін дамытып, ой-қиялын шарықтатуға аса мән береді. «Шуақ» атты бұл кітабынан да сол асыл қасиеттердің шуақ шашқан шырайын көруге болады. Кітапқа қызықты өлеңдер, жұмбақтар, мысал-аңыздар топтастырылған.

 1 0007

Белгер Г. Волк и Чапа и другие [Текст] / Г.Белгер. – Алматы: «Балалар әдебиеті», 2021. – 160 с.

Этот сборник, составленный из произведений, написанных в разное время, повествует именно о нашем «бытии», о времени, об обычных людях, о беспокойном племени человеческом – о детях, о зверятах и т.д. Они рядом с нами: живут, попадают в сложные ситуации и находят выход из них, радуются и печалятся. И прежде всего, они рассказывают о «Великой любви» к казахской степи, ставшей родной для автора, немца по национальности, уроженца России, волею судеб оказавшегося в Казахстане. 

 1 0026

Серябрянский Ю. Казахстанские сказки = Қазақстандық ертегілер [Текст] / Ю.Серебрянский. – Алматы: «Аруна» баспасы, 2021. – 96 с.

«Казахстанские сказки» Юрия Серебрянского пародоксальным образом соединяют в себе универсальность и конкретность. В них колорит и аромат казахстанской земли – как лучшего места мира вообще. Через подробности и детали, характерные для истории этого края, - сама Вселенная-Универсум – смотрит на нас.

 1 0022

Свифт Дж. Гулливердің саяхаттары [Мәтін]: роман / орыс тілінен аударған Ж.Асықова / Дж.Свифт. - Алматы: «Балауса баспасы», 2021. – 480 б.

Кітапта о баста хирург, кейін бірталай кемеге капитан болған Гулливердің әлемнің түпкір-түпкіріне жасаған ғажайып саяхаттары баяндалады. Ол алғашқы сапарында Лилипутияға саяхат жасап, сол жерде үлкендігі өзінің сұқ саусағында Гулливер Бробдингнег еліне жол тартады. Мұндағы адамдар өте үлкен, тіпті өзінен он еседей ірі еді. Оның ең қызық саяхаты – гуигнгнмдар – жылқылар еліне барғаны...

Бұл туындыны әлеуметтік-саяси қарым-қатынастар туралы астарлы мазмұндағы роман-памфлет десе де болғандай. Тек балаларды ғана емес, үлкендерді де терең ойға жетелейтін сатиралық-философиялық керемет туынды.

 1 0018

Стивенсон Р. Қазына аралы [Мәтін]: роман: орыс тілінен аударған Қ.Дәуітов / Р.Стивенсон. – Алматы: «Балауса баспасы», 2021. – 384 б.

Роман таңғажайып оқиғаларға толы. Автор қазына іздеушілердің қатерлі сапары жайлы әсерлі баяндайды. Кезінде әлемдегі ұлы империялардың бірегейі саналған ағылшын елі жаңа жерлерді игеруде, дәулетін өркендетіп, қазынасын толтыруда алдына жан салмағаны тарихтан белгілі. Осындай әлеуметтік өсіп-дамудан туындаған сұраныс адам қиялын оятып, оны алып та қиын, қатерлі сапарларға тартынбай аттанатындай етіп тәрбиелейтін әдебиетке зәру еді. Міне, бүкіл дүниенің бар байлығын уысында ұстауды көксеген ашкөз қоғамның осынау талап-тілегіне орай сол уаққыттарда «Қазына аралы» сынды туындылар дүниеге келді.

Бірақ автор сол замандағы әлеуметтік сұраныстардың жетегінде біржақты кетпей, мәселенің өмірлік мәні бар екінші жағын, алтын мен ақшаға есі кете қазыққан адамдардың жан дүниесі азғынап, қу дүниенің құлына айналып кететіндігін өте сенімді суреттейді.

 1 0027

Динозавры / пер. С англ. Е.Подрезовой. – Нур-Султан: Фолиант, 2021. – 64 с. – (Детская энциклопедия).

В настоящем издании рассказывается об эволюции динозавров, функциях организмов этих животных и отличительных особенностях их анатомии. Здесь предствлено более 50 видов динозавров, в том числе тираннозавр, жираффатитан, а также из более поздних археологических находок – насутоцератопс.

Благодаря компактным и содержательным описаниям юные читатели могут узнать множество интересных фактов о характерных особенностях разных видов динозавров, о раскопках, а также изучении ископаемых остатков этих позвоночных животных, которые доминировали на нашей планете в мезозойскую эру.

Яндекс.Метрика