DAWISTAP OQU - Misiq qen kusik. OQINIZ!

Мұхтар Шаханов 1942 жылы 2 шілдеде Шымкент облысы Отырар ауданында дүниеге келген. Қазақ. Ол тракторшыдан бастап Төтенше және Өкілетті Елшіге дейін көтерілді. Білімі жоғары - Шымкент мемлекеттік педагогикалық институты. Құрметті профессор, Ресей және шетелдік академиялардың академигі. Қырғызстанның халық ақыны, «Түркітілдес елдердің ең үздік ақыны» атағына ие. Қазақстанның халық жазушысы. Сіздерге М.Шахановтың жұмысымен танысуға кеңес береміз!

? Сіздердің назарларыңызға "100 шедевров искусства Казахстана" кітапты ұсынамыз.
#книги #литература #искусство #искусствоказахстана #музыка #хореография #изобразительноеискусство #библиотекакараганды #юношескаябиблиотека #библиотекарекомендует #библиотекарьБейсембаева

? Белгілі қаламгер, мемлекет және қоғам қайраткері, «Қазақстанның Еңбек Ері» – Әбіш Кекілбаевтың өмірiне арналған кiтап. Әбіш Кекілбаев – адам жанының шындығын танудың алуан түрлі тәсілін шеберлікпен игерген жазушы. ? Ә. Кекілбаев кейіпкерлері қарапайым адамдар болғанымен, олардың өзіне тән өмірі, тағдыры, мінез-құлқы бар. Жазушы олардың жан дүниесінің тереңіне барады. Кейіпкерінің жеке басындағы түрлі сезім иірімін сипаттай отырып, олардың іс-әрекетіне баға береді. Жазушы кейіпкерінің ішкі толғанысын, жан күйзелісін, жүрек тебіренісін қара сөз құдіреті арқылы толғап жеткізген.
#читаемвместе #абишкекилбаев

Жаңа кітаптар!!! ? «Менің оғаш ойларым» — Нобель сыйлығының лауреаты Орхан Памуктың алты жыл бойы жазған романы. Осы кезге дейін жазған туындыларының ішіндегі Стамбұл тарихын айшықтай түсетіні де осы романы. Шығармадағы оқиға қырық жылдан астам уақытта — 1969 жылдан 2012 жылға дейінгі аралықта өтеді. Бас кейіпкер Мевлут Караташ шалғайдағы ауылдан Стамбұлға қоныс аударғандардың қатарында еді. Оның көз алдында мемлекеттік төңкерістер орын алып, билік ауысып жатты. Ата кәсібін жалғастырған, жалпы түрік халқының дәстүрін сақтаған Мевлут қана көше аралап, айран мен боза сатуын сол қалпынша жалғастыра береді. #мывместе❤️ #читаемкниги #орханпамук

Яндекс.Метрика