Бағдат Мүбәрак

 

Бағдат Мүбәрак – шығармашылығы ғасырымыздың басынан бері жарық көріп, тырнақалды жыр жинақтары көпшіліктің жылы ықыласына бөленген ақын. Бағдат ақынның шығармашылығы мен өмірі туралы біле аласыздар. Біздің анықтама:
Бағдат Мүбәрак - 1978 жылы 17 ақпанда Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай селосында дүниеге келген. Ө.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің филология факультетін 1998 жылы тәмамдаған.
Қалалық «Балқаш өңірі», облыстық «Орталық Қазақстан» газеттерінде және «Қазақстан-Қарағанды» телеарнасында, Қазақ радиосында қызмет еткен. Облыстық, республикалық жыр мүшәйралардың лауреаты. 2009 жылы мемлекеттік тапсырыспен «Жалын» баспасынан «Құсни хат» атты жыр жинағы жарық көрген.

Ерік Сейсенұлы Нарынов 1

Автор шығармаларына сілтеме - Алтынкүрек

 

Керемет өнер әлеміне кіріспе. Автор жартастағы кескіндемеден бастап қазіргі заманғы қондырғыларға дейінгі 50 негізгі жұмысты қарастырады, содан кейін оларды көркемдік қозғалыс, жанр мен техниканың бөлімдерімен байланыстырады. Барлығы қарапайым және түсінікті. Кітаптың мазмұны кез-келген адамға, студентке немесе өнер сүйер қауымға негізгі кезеңдерді, суретшілер мен стильдерді оңай шарлауға мүмкіндік береді. Кітап қол жетімді, ықшамдалған және жеңілдетілген түрде өнердегі маңызды ұғымдарды түсіндіріп, олардың өзара байланысын көрсетеді. Танымдық оқулар!

Құрметті оқырмандар! Өлкетану ел тарихының, халық тарихының негізін құрайды, бұл өткен мен бүгінді байланыстыратын көпір. "Қазыналы Қарағанды" кітабында қаламыздың тарихы бойынша бірегей материалдар жинақталған. Ол өткеннің жетістіктері мен бүгінгі күннің шындығына арналған және әрбір қарағандылық үшін қызықты болады.

Суретальбом Қазақстан табиғатына арналған. Онда түрлі-түсті ландшафттардың, сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктердің суреттері бар. Суретальбом біздің жеріміздің таңғажайып сұлулығын сүйетіндердің барлығына керемет сыйлық болады.
#қазақстансуретальбомы #казахстанфотоальбом #қазақстантабиғаты??#природаказахстана??⛰?

Әдеби күнтізбе: Маршак Самуил Яковлевич (3.11.1887, Воронеж — 4.7.1964, Мәскеу) — орыс ақыны, драматург, балалар әдебиетінің классигі. Алғашқы шығармасы 1907 ж. жарияланған. 1920 ж. Краснодарда балалар театрын ұйымдастырып, соған лайықтап ертегі-пьесалар жазды. Бүлдіршіндерге арналған “Джек салған үй”, “Тордағы балақандар” (1922), “Ақымақ тышқан туралы ертегі” (1929 — 30) атты кітаптары шықты. Маршактың сол жылдары шыққан “Өрт”, “Почта”, “Цирк”, “Днепрмен күрес” кітаптары, “Кеше мен бүгін” (1925), “Мистер Твистер” (1933) сатиралық памфлеті мен “Белгісіз батыр туралы әңгіме” (1938) атты романтикалық поэмасы өте тартымды жазылған. Ол “Он екі ай”, “Ақылды мүліктер”, т.б. туындылары арқылы балалар ертегілері мен өлеңдерінің, жұмбақтар мен пьесаларының жаңаша үлгілерін жасады. Маршак бірқатар лирикалық шығармалардың, өмірбаяндық повестің авторы. Оның балаларға арналған “Ақымақ тышқан туралы ертегі”, “Жыл бойы”, т.б. шығармалары қазақ тілінде жарық көрген.
#самуилмаршак #детскийписатель #книгидлядетей #читаемсказки #читаемсдетьми #6кітапханафилиалы #auezov_lib_krg

Яндекс.Метрика