13 наурыз күні №27 кітапхана-филалының оқу залында № 21 ОМ 8 сынып оқушылары үшін ақын, ойшыл және қоғам қайраткері Бұқар-жырау Қалқаманұлының 350 жылдығына арналған «Жыраудың даналығы» атты әдеби-музыкалық композициясы өткізілді. Мақсаты: отаншылық сезімдерін, туған өлкесінің тарихи тұлғаларының үлгісі бойынша шешендік мәдениетін тәрбиелеу. Ұлы қазақ ақыны және ойшыл, қоғам қайраткері Бұқар-жырау Қалқаманұлы туралы білімдерін тереңдету.
Іс-шара жүргізушісі оқырмандарға осы жылы Ұлы қазақ ақыны және ойшыл, қоғам қайраткері Бұқар-жырау Қалқаманұлының 350 -жылдығы тойланатыны туралы ақпарат берді. Бұқар-жырау Абылай ханның басты кеңесшісі, болған және Қазыбек, Толе, Әйтеке билермен бірге Қазақстан тарихындағы бірінші «Жеті Жарғы» - құқықтық заңдарының құрастыруына қатысқан танымал тұлға. Дана жырау көзі тірісінде «жырау» деген есімге ие болып, суырыпсалма ақындығымен, даналығымен қазақ халқына кеңес берген адам. Халық данасы ретінде шыңдықты жоғары қойған, поэтикалық түрінде жақсылық, адамгершілік және шыңдықтың қолдаушысы болған. Оқушыларға жырау поэзиясының негізгі тақырыбы – Отанға деген сүйспеншілік, отаншылдық сезімдері, бостандық күресінің батырларын мадақтау болғаны туралы ақпарат берілді.