№29 кітапхана-филиалында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ұлттық жаңғыру - туған жер тұтастығы мен ел болашағының негізі» атты тақырыптық ақпарат сағаты өтті. Мақсаты: оқырмандарға ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының негізгі идеяларын насихаттау, белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыру, қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу, Қазақстанды жаңғырту мақсатындағы ой-өрістері пен қызығушылықтарын дамыту. Шара барысында бағдарламаның негізгі алты бағыты туралы мәлімет берілді және біздің қаламыз бен өлкеміздің жетістіктері жайлы әңгімеленді. Оқырмандар Президенттің саясаты, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы туралы түсініктерін ортаға салып, пікір алмасты, мемлекетіміздің бейбітшілігі мен одан әрі өркендеуін қолдау жөнінде тілектерін білдірді. Шараға 12 адам қатысты.

Рух д minРд min

Яндекс.Метрика