ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының негізгі ережелерін түсіндіру және алға жылжыту мақсатында және қазақ әліпбиінің латын графикасының бірыңғай стандартына көшу идеясын қолдау үшін 24 қазанда №15 балалар кітапхана-филиалының кітапханашылары балалар-жасөспірімдер жекпе-жек спорт мектебімен және №86ЖББОМ 10 «ә» сынып оқушыларымен бірлесе отырып «Латын әліпбиі Қазақстанда: тарихы және келешегі» атты пікірталас сағаты өтті. Шараның модераторы Ахметова С.Т. қазақ тілінің латын графикасына көшуінің тиімді жақтары туралы әңгімеледі. Латын әліпбиі қазақстандықтардың болашақ ұрпағына қарым-қатынас кеңістігін кеңейтеді, ақпаратқа қолжетімділік пен халықаралық тілдерді үйренуді жеңілдете түседі сондай-ақ, қазақ әдебиетін әлемге насихаттауға ықпал етеді. Шараға «Латын әліпбиі Қазақстанда: тарихы және келешегі» ақпараттық үстел көрмесі безендірілді.

003017043

 

Яндекс.Метрика

Яндекс.Метрика