№4 кітапхана-филиалының кітапханашылары «Жүк тасымалы» (Тасымалдау құжаттарын өңдеу бойынша технологиялық орталық) ҚТЖ АҚ жұмыскерлерімен бірлесе отырып, қазақ тілінің латын жазуына көшуіне арналған «Қазақстанның рухани-мәдени дамуындағы тарихи кезең: әліпбиді реттеу» атты өзекті диалог өткізді.   

  Шараның мақсаты: «Жүк тасымалы» (Тасымалдау құжаттарын өңдеу бойынша технологиялық орталық) ҚТЖ АҚ жұмыскерлеріне қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуіне байланысты негізгі факторлар мен Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын сақтау үшін қажеттілігі туралы ақпарат беру. Кештің модераторы тіл маманы филолог З.Ж.Саджанова болды. Тақырыпты талқылау барысында шараға қатысушылар өздерін алаңдатқан сұрақтарға жауап табуға мүмкіндік алды, қазақтың төл дыбыстарының диграфтар арқылы берілу ерекшеліктеріне қызығушылық танытты. Жұмыскерлер Н.Б.Мусина,  Т.А.Козлова, А.Д.Алпыспаева қазақ тілінің латын графикасы негізінде жасалатын жаңа әліпбиге көшуін қолдайтынын айтты. Шараға «Байтұрсынов жазуы» кітап көрмесі ұсынылды, «Латын графикасына негізделген қазақ алфавиті» тақырыбында слайд-презентация көрсетілді.

IMG 0011IMG 0016IMG 0029

Яндекс.Метрика

Яндекс.Метрика