22 ақпан күні №12 балалар кітапхана филиалында №7 гимназияның 8-сынып оқушыларымен домбырашы, күйші,композитор Құрманғазы Сағырбайұлының 195-жылдығына орай «Мен өз отбасыма ораламын...» атты әдеби-музыкалық композиция өтті.

Мақсаты: «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында балалардың бойына рухани, адамгершлік тәрбие қалыптастыру, атақты күйші, композитордың өмірі мен шығармашылығын насихаттау. Шара жүргізушілері Игібаева мен Оразғалиева балаларға күйшінің өмірі мен шығармашылығы жайында мәлімет берді. Оның күйлері қазақ тарихының қиын-қыстау күндерін күй әуенімен халыққа жеткізе білгенін атап айтты. Әңгіме желісі бойынша бейнероликтер көрсетіліп тұрды. Сондай-ақ «Сары-Арқа», «Кішкентай», «Жалын», «Бұлбұл» сияқты атақты күйлері тыңдалды.

Шара соңында «Баға жетпес мұра» атты кітап көрмесіне шолу жасалды. Қатысқаны: 23 адам.

SAM 7909 minSAM 8095 min

Яндекс.Метрика