20 ақпан күні М.Әуезов атындағы Орталық қалалық кітапханада «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, Қазақстан мен Әзірбайжан халықтарының достастығы мен экономикалық іскерлік қатынастарына арналған «Әзірбайжан мәдениеті» атты елтану кеші өтті. Іс-шараның мақсаты: Қазақстан мен Әзірбайжан елдерінің арасындағы саяси-экономикалық, экологиялық, гуманитарлық, мәдени және т.б. салалардағы іскерлік қатынастарын жүзеге асыруы туралы ақпарат беру, жас ұрпақты әзірбайжан халқының мәдениетімен және әдебиетімен таныстыру. Шараға «Намус» Әзірбайжан ұлттық-мәдени орталығының өкілдері және Орталық Қазақстан академиясының студенттері шақырылды.

Шара барысында кітапханашылар Әзірбайжан мен Қазақстан елдерінің арасындағы сауда байланыстарын нығайту жөніндегі келісім және 2018-2020 жылдарға арналған Жол картасында бекітілген нақты қадамдар туралы әңгімеледі. Екі ел арасында мәдени-экономикалық байланыстардың нығая түсетіні, екі ел достастығының келешегі зор екені жөнінде ақпарат берілді. «Намус» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Рзаев Гюлага Векил-оглы көпұлтты Қазақстан халықтарының достығы жайлы пікірімен және қазақ халқына деген ризашылық сезімдерімен бөлісті, «Намус» бірлестігінің мүшелері әзірбайжан халқының ұлттық биін биледі. Қатысушылардың назарына әзірбайжан халқының мәдениеті мен салт-дәстүрлері туралы бейнероликтер ұсынылды. Шараға әзірленген «Әзірбайжан әдебиеті» атты кітап көрмесіне шолу жүргізілді. Барлығы 27 адам қатысты.

Untitled 1 min DSC0663 min DSC0696 min DSC0698 min

Яндекс.Метрика