05 қаңтар күні М.О. Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханада «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, тұрақты оқырмандары үшін «Сакралды Қазақстан: Отанымыздың қасиетті жерлері» атты танымдық бейнесаяхат өткізілді. Шараның мақсаты: Қазақстанның рухани-мәдени құндылықтарымен таныстыру, патриоттықты, Отанға деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін дамыту. Шара барысында оқырмандар «Қазақстанның сакралды географиясы» тақырыбында ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұрасының тізіміне енген 11 нысан - еліміздің тарихи қалалары туралы дайындалған материалдармен танысты. «Сакралды Қазақстан», «Туған жер» жобаларының халыққа тигізер рухани пайдасы жөнінде пікір алмасулар жүргізілді. Қазақстанның киелі орындары туралы бейнероликтер көрсетілді. «Сакралды Қазақстан: Отанымыздың қасиетті жерлері» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.