27 желтоқсан күні №1 жасөспірімдерге қызмет көрсету кітапхана-филиалының қызметкерлері   «5451» әскери бөлімінде сарбаздар үшін «Мемлекеттік тілді дамыту – табысты даму кепілі» атты жеке пікір сағатын өткізді. Шараның мақсаты: қазақ тілін латын графикасына негізделген жаңа әліпбиге көшіру кезеңдері мен маңыздылығы жөнінде кеңінен ақпарат беру, жазбаша тіл мәдениетін арттыру, патриотизмді дамыту. Шара барысында кітапханашылар латын әліпбиінің тарихына тоқталып, бұл қадамның мемлекеттік маңыздылығы жайлы түсінік берілді. Тәрбие және әлеуметтік - құқық жұмыстары бөлімшесі бастығының «мемлекеттік тілді енгізу» жөніндегі аға көмекшісі капитан Ибрагимова Жанар Нұрқанқызы «Рухани жаңғыру» атты бағдарламасына сәйкес 2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшетінімізді, және болашқта барлық саладағы іс қағаздар мен оқулықтар да осы қаріппен жазылатыны туралы айтты. Сарбаздар латын әліпбиі жайлы өздерінің ой-пікірлерімен бөлісті. Латын әліпбиіне қатысты сарбаздар арасында әр түрлі сұрақтар мен пікір талас айтылды. «Латын белгілерінің тарихи тағдыры» атты бейнесюжет сарбаздар назарына ұсынылды. Шара соңында кітапханашы «Мемлеккттік тілді дамыту – табысты даму кепілі» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.

O KRjhAbxgA minrA1pd5uUUZY min oz3KWt01rg min

Яндекс.Метрика