27 маусым күні №1 жасөспірімдерге қызмет көрсету кітапхана-филиалында М.Жұмабаевтың 125 жылдығына арналған «Қараңғы түнге сәуле шашқан» атты тарихи-әдеби сағат өтті. Мақсаты: оқырмандарды М.Жұмабаевтың өмірімен және шығармашылығымен таныстыру. Балаларды М.Жұмабаевтың шығармаларын оқи отыра шыншылдыққа, патриоттыққа тәрбиелеу. Кітапханашылар М.Жұмабаевтың өмірімен таныстырды. М.Жұмабаев өз Отанын, елін, жерін сүйе білген, жүректен шыққан өлеңдерін халқына сыйлаған бірегей ақын болғаны жайлы ақпарат берді. Оқырмандар М.Жұмабаевтың туған жердің табиғатын, жер-суын, орман-көлін суреттеген өлеңдерімен жақын танысты. Мағжан ақынның табиғатты суреттеген өлеңдері: «Көкшетау», «Жазғы таң», «Қысқы жол», «Орман», Күннің батуы», «Орал таулары». Әйел тағдырын суреттеген өлеңдерінен «Гүлсім», «Бәрінен де сен сұлу», «Жәмилә» тағы басқа өлеңдерімен таныстырылды. Қуғын-сүргін көрген әдеби тұлғалардың бір ретінде Мағжан поэзиясы жарты ғасырдан астам уақыт жарыққа шықпай келді. Қазіргі кезеңде ақынның шығармалары халыққа кең таралуда. Шараға ұйымдастырылған «Халқының қалаулы ұлы» атты кітап көрмесіне шолу жасалды. Көрмеде оқырмандар назарына М. Жұмабаевтың өмірі жайлы жазылған кітаптар мен өз шығармалары ұсынылды.

GvAJkRIT6REN1e3Klgw9PgQ2FHeR3jLcw

Яндекс.Метрика
Яндекс.Метрика