Маусымның 26 күні №16 кітапхана-филиалында «Болашаққа көз салатын Қазақстан» /ҚР Президентінің Жолдауы / саяси олимпиадасы өтті. Шараға отбасылық амбулаториялық «Тәуіп» қызметкерлері, Октябрь ауданының халыққа әлеуметтік көмек бөлімінің қызметкерлері қатысты. Мақсаты: Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы Жолдауымен таныстыру. Кітапхананың оқырмандарына төртінші Индустриалды Революция жағдайында қазіргі Қазақстанның одан әрі дамуы туралы нақты нұсқаулар беретін елдің дамуына арналған видио-ролик көрсетілді. Жүргізушілер болашақта жүзеге асырылатын 10 негізгі міндеттің мәнін қысқаша баяндап, мультимедиялық презентацияны ұсынды. Саяси Олимпиадаға қатысушылардың әрқайсысы өзінің жеке пікірін білдіріп, Президент Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауын қолдады. «Менің елім, менің тағдырым, менің Президентім» көрмесіне шолу жасалып, онда ежелгі кезден бүгінгі Тәуелсіз жылдарға дейінгі тарих саясат, мәдениет барысындағы кітаптар мен мерзімді басылымдар қойылды