Маусымның 26 күні №12 балаларға қызмет көрсететін кітапхана бөлімшесінің оқу залында «Өмір сүр. Өз өміріңді сақта!»  атты Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне арналған көрме дайындалды. Мақсаты: нашақорлықтың алдын алу, жас ұрпақты денсаулығына зиян келтіретін психотропты заттардан  аулақ болуға үйрету, өз өмірлерін сақтауға оны тиімді және пайдалы етіп өткізуге, кітап оқуға баулу. Кітап көрмесінде қазіргі өмірдегі басты назарда тұрған нашақорлық мәселесін ашып  көрсету. Мысалы:  А.Башмаковтың «Нашаға құмарлық: қайғылы оқиға», М.Буяновтың  «Нашақорлық туралы ойлар», Ю.А.Габовтың  «Нашақор және жастар»  т.б. кітаптары  қойылды. Орта және төменгі сынып оқушыларын  «Балалар энциклопедиясы» сериясының «Нашақорлар жоқ!» тақырыбына арналған саны  қызықтырды. 


SAM 9092SAM 9094SAM 9099

Яндекс.Метрика