13 маусым күні № 29 кітапхана филиалында «Ғасыр талабы» атты қызықты ақпарат сағаты өтті. Шараның мақсаты: жастарға әлемнің озық елдерінің қатарына қосылу үшін латын әліпбиіне көшу заман талабы екендігін түсіндірді. Шараға «Болашақ» колледжінің қазақ тілі жіне әдебиет пәнінің оқытушысы – Жаукенова Г.Ж., және кітапхана оқырмандары мен студенттер қатысты. Шара барысында кітапханашы қазіргі кезеңде бұқаралық ақпарат құралдары мен зиялы қауым өкілдері арасында қызу талқыланып жүрген қазақ тілінің латын әліпбиіне көшудегі болашағы туралы айтып өтті. Модератор «Болашақ» колледжінің қазақ тілі жіне әдебиет пәнінің оқытушысы – Жаукенова Г.Ж. латын әліпбиіне көшу жайлы өз пікірімен бөлісіп, жаңа әліпбимен таныстырды. Қатысушылар қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі жөнінде сұрақтарды талқылап, латын жазуы біздің елімізге көпұлтты мемлекет ретінде өркениетті елдер қатарынан көріну үшін маңызды деген шешімге келді. Шара соңында кітапханашылар «Ғасыр талабы» атты көрмесіне шолу жүргізді.

IMG 20180613 WA00111IMG 20180613 WA0012

Яндекс.Метрика