2018 жылдың 19 сәуірінде Қарағанды қаласы «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» №11 филиалында әнші Әміре Қашаубаевтың туғанына 130 жыл толуына орай «Асқақ әнші - Әмре» атты әдеби-музыкалық композиция өткізілді. Шараға Тәттімбет атындағы өнер колледжі, «Болашақ» колледжінің, Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ – нің студенттері қатысты.

Мақсаты: қазақ музыка мәдениетінің тарихынан елеулі орын алып, қазақ әншілік өнерін әлемге паш еткен Әміре Қашаубаевтың өнегелі өмірі мен тағылымды өнер жолын, шығармашылығын, рухани мұрасын насихаттау, жастардың ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын ояту, рухани құндылықтарды дәріптеу.

Шара барысында қазақтың дарынды ұлдарының бірі, сонау жиырмасыншы ғасырдың басында-ақ қазақ өнерін әлемге паш еткен Әміре Қашаубаев туралы мағлұмат берілді. Жүргізушілер Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ филология факультетінің студенттері – Жолдасбекова Гүлнұр мен Тлеулинов Заңғар әнші өмірінің қиын-қыстау кезеңі, беймәлім қырлары, оның теңдессіз орындаушылық шеберлігі, әртістігі жайлы тереңінен сыр шертті. Замандастарының, шәкірттерінің естеліктерін оқыды.

Тәттімбет атындағы өнер колледжінің студенттері, Қазкен Берік, Ұзақбай Нұрболат сынды өнер иелері домбырамен күмбірлетіп, Әміре атамыздың қоржынындағы ескі әуезді «Балқадиша», «Ағаш аяқ», «Қызыл бидай», «Жалғыз арша», «Ісмет» әндерін орындап, жиналған қауымға қазақ дәстүрлі өнерінің құдіретін сездірді. Сондай-ақ кітапханаға жиналған кеш қонақтарына «Ұлт өнерінің мақтанышы» атты тақырыптық кітап көрмесі ұсынылып, Әміре Қашаубаевтың өмірлік жолынан сыр шертетін деректі фильмнен үзінді көрсетілді.

20180419 120912 min20180419 124721 min

Яндекс.Метрика