18 сәуір күні М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханада жазушы, Халық қаһарманы Қасым Қайсеновтың туғанына 100 жыл толуына орай «Аңыз адам: Мен отан үшін шайқастым» атты естелік кеші өткізілді.

Шараның мақсаты: халық батыры Қасым Қайсеновтың өмірбаянымен таныстыру, оқушыларды отансүйгіштікке, белсенді азаматтық ұстанымға, батылдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу.

Іс – шараға «№58 ЖББОМ» КММ, «№65 ЖББОМ» КММ оқушылары және қазақ тілі мен әдебиет пәндерінің мұғалімдері Г.Ғ.Ғалымбекова, М.Н.Өмірсерік қатысты. Шара барысында ағамыздың рухына бас иіп, еске алды. Қазақстанның Халық қаһарманы, Халықаралық Фадеев атындағы сыйлықтың лауреаты, көрнекті жазушы, Ұлы Отан соғысының ержүрек батыры, әйгілі партизан, көзі тірісінде аты аңызға айналған халқымыздың қайталанбас біртуар даңқты перзенті Қасым Қайсеновтың өмірбаянымен таныстырып, естеліктерін көрсетті. №58 ЖББОМ оқушылары Е.Шилібай, Н.Толеутаев, М.Рысқалы, А.Байболды, Х.Исмаилова, Н.Минбаева және де № 65 ЖББОМ оқушылары А.К.Абатова, А.К.Алишбекова, Г.Б.Жаппарова, Н.Аманжолқызы, Қасым Қайсеновқа арналған жыр шумақтарын оқыды. Кітапханашылар батырдың өмірбаяны туралы бейне роликтер көрсетіп, кітап көрмесімен таныстырды. Оқушылар сұрақ-жауап барысында белсенділік танытып, өздерінің білімдерін көрсетті. Кеш соңында мұғалімдер алғыстарын білдірді. Қатысушылар: 25 адам.

DSC 1244 minDSC 1262 minDSC 1270 min

Яндекс.Метрика