7 сәуір күні М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханасының балалар бөлімінде Бүкіләлемдік денсаулық күніне орай «Салауатты өмір салты – уақыт талабы» атты валеологиялық әңгіме өткізілді. Мақсаты: балаларды өз денсаулықтарын сақтауға, тазалыққа, дұрыс тамақтануға тәрбиелеу, күнделікті дене тәрбиесімен айналысу және күн тәртібін бұзбау дағдыларын қалыптастыру, тағам өнімдерінің қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша білімдерін дамыту.

Іс-шараға №52 ЖББОМ 5 сынып оқушылары, сынып жетекшілері және кітапханашысы қатысты. Шара барысында кітапханашылар балаларға денсаулық тақырыбы бойынша қызықты мәліметтер берді және оқушылар викторина сұрақтарына жауап беріп, жұмбақ шешуге қатысты. Балалар дұрыс тамақтану, тазалық сақтау туралы бейнефильмдер көрсетілімінен кейін өз пікірлерін айтып тақырыпты талқылады. Оқушылардың қалауы бойынша денсаулық туралы өлеңдер оқыды. Шара соңында «Тазалық – денсаулық кепілі» атты кітап көрмесіне шолу жасалды. Шараға 15 адам қатысты.

здоровье 1здоровье 2

Яндекс.Метрика

Яндекс.Метрика