2026 жылдың 9 сәуір күні М.О. Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханасы «Поэзия жүрек үні» атты тағылымды шығармашылық кеш өтті. Кеш қонағы ақын, журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, “Ortalyq Qazaqstan” газетінің аға тілшісі Шалқар Жалел Қуандықұлы болды.

Кештің арнайы шақырылған қонақтар қатарында: Ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Орталық Қазақстан» газетінің аға тілшісі Ерғанат Кеңесбек, ақын, «Арқа ақшамы» газетінің хатшысы Ерболат Қуатбек, ақын, журналист, «Егемен Қазақстан» газетінің Қарағанды облысындағы меншікті тілшісі Ғалым Қасымхан қатысты. Шараға Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің студенттері мен оқытушылары қатысты.

Шара барысында кеш кейіпкерінің өмір жолы мен шығармашылығына арнайы дайындалған видео-ролик ұсынылды. Оқырмандар ақын өлеңдерін мәнерлеп оқып, Тәттімбет атындағы өнер колледжінің 4-курс студенті Дәмежан Әли Біржансал «Он саусақ», Естайдің «Қорлан», №6 ЖББМ 9-сынып оқушысы Е.С. Жәбел «Сәлем саған туған ел» әндерін шырқады.

Сонымен қатар шараға арнайы дайындалған кітап көрмесіне шолу жасалып, кеш қонағымен қатысушылар арасында сұрақ-жауап өткізілді. «Поэзия жүрек үні» атты бұл кездесу – жас буынның рухани дүниесін байытып, қазақ поэзиясына деген сүйіспеншілігін арттырған мазмұнды әрі тағылымды кеш ретінде есте қалды.

2026 04 10 090916     2026 04 10 090924     2026 04 10 090934

Яндекс.Метрика