📚 Кітап – ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын қазына
«Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында «Кітап оқитын әулет» бағыты бойынша тест ұйымдастырылды. Шараға қатысқан отбасылар өзара білім сайысына түсіп, әдебиетке деген сүйіспеншіліктерін көрсетті.
📖 Қатысушылар түрлі сұрақтарға жауап беріп, кітап оқу мәдениетінің отбасыдан басталатынын дәлелдеді. Бұл тест тек білімді тексеру ғана емес, сонымен қатар отбасы мүшелерін біріктіретін рухани алаңға айналды.
👏 Белсенділік танытқан барлық әулеттерге алғыс айтамыз!
Сіздер – оқитын қоғамның жарқын үлгісісіздер!
✨ Оқитын әулет – саналы ұлттың тірегі!





