М.О. Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханада Балалар кітабы апталығы аясында «Қаламгермен ашық әңгіме» атты тағылымды кездесу кеші өтті.
Іс-шараға А.Байтұрсынұлы атындағы мектеп-гимназиясының 5-сынып оқушылары мен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.М. Айтмағанбет қатысты.
Кездесудің құрметті қонағы – Қазақстан Журналистер одағының және Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның Мәдениет қайраткері, ҚР Ақпарат саласының үздігі, белгілі жазушы Сүйіндік Жұмабайұлы Жанысбай болды.
Кездесу барысында жас оқырмандар жазушымен еркін сұхбат құрып, оның шығармашылық жолы, туындыларының мазмұны мен кейіпкерлері жайында көкейлеріндегі сұрақтарын қойды. Жазушы өз кезегінде оқушыларға қызықты әрі мазмұнды жауап беріп, кітап оқудың маңыздылығы мен шығармашылыққа деген қызығушылықты арттыру жөнінде ой-пікірлерімен бөлісті.
Бұл тағылымды кеш оқушыларға ерекше әсер қалдырып, олардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыра түсті.

2026 04 07 143344     2026 04 07 143349     2026 04 07 143358

Яндекс.Метрика