📚 КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ
2026 жылғы 2 сәуірде Қарағанды қаласында «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасының «Кітап оқитын мемлекеттік қызметші» санаты бойынша бірінші кезеңі өтті.
Жобаның мақсаты – мемлекеттік қызметшілер арасында оқу мәдениетін дамыту, зияткерлік деңгейін арттыру және әдебиетке деген тұрақты қызығушылық қалыптастыру.
Қатысушылар өздерінің жоғары дайындық деңгейін көрсетті: оқыған шығармаларды терең түсіну, аналитикалық ойлау және өз пікірін нақты, дәлелді жеткізе білу.
Бірінші кезең қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, олар жобаның келесі кезеңіне жолдама алып, облыстық турда қаланың намысын қорғайтын болады.
Қатысушыларды лайықты өнер көрсеткендерімен құттықтаймыз және келесі кезеңде сәттілік тілейміз!
📖 Кітап оқу — тұлғалық дамудың негізі әрі кәсіби өсудің кепілі.





