«Наурыз – көктем мен жаңару мерекесі» 🌷🌷🌷
📚 Мерекелік кеш 📖
🌿Көктем – жылылық пен жаңарудың, қуаныш пен үміттің мезгілі. Күн шуағы төгіліп, табиғат оянып, тамшылар сыңғырлаған шақта адамның жүрегі де ерекше жылулыққа бөленеді.
Біз Наурыз мерекесін шынайы көңілмен, кең пейілмен қарсы алдық.
📚Жастарға қызмет көрсету бойынша №2 кітапхана филиалы мен заманауи білім беру мектебі BASTAU бірлесе отырып, Наурыз мейрамына арналған танымдық әрі қызықты іс-шара өткізді.
Іс-шара барысында кітапханашы мерекенің тарихы мен маңызы туралы әңгімеледі. Балалар өлеңдер оқып, өз өнерлерін көрсетті. 📖✨Кітаптар арқылы олар жаңару, дәстүр және ұлттық құндылықтардың мәнін тереңірек түсінді.
Мерекелік дастархан жайылып, тәттілер мен дәмдер балаларға ерекше қуаныш сыйлады.
✨ Наурыз әр шаңыраққа бақыт, береке, тыныштық және жаңа жетістіктер әкелсін!





