18.03.2026 N1 жасөспірімдерге қызмет көрсету филиалында «Наурызама» онкүндігі аясында «Шебер қолдар» үйірмесінің балалары үшін N8 филиалымен және N 2 өнер мектебінің мұғалімі Е. М. Нұрмағанмен бірлесіп «Жарқыра жайна-Наурыз» атты әдеби - музыкалық кеш өткізді. Филиал меңгерушілері Г. Б. Қосжан мен Г. А. Қайыржан балаларға 18 наурыз - Ұлттық киім күні, Қазақ костюмінің дәстүрлері мен элементтері туралы айтып, кітап көрмесі мен викторинаға шолу жасады. Оқырман Б. М. Ботаханова балалармен «Бестемше» және «Бес кеней» ойындарын өткізді. Абдувалиев Бақытбек домбырада «Ақжелең» күйін орындады. Абдувалиева Сабина «Ару қыз» биін биледі. Іс-шара кітап көрмесінде бірлескен фотосуретпен аяқталды.





