Биыл ұлтымыздың ұлы перзенті, Қазақстандағы геология ғылымының негізін қалаушы, мемлекет және қоғам қайраткері Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына орай «Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ-нің қолдауымен «Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-де М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапхана «90 жылдыққа 90 кездесу» жобасы аясында «Ғалымның сара жолы» атты кездесу кеші ұйымдастырды. Кездесуге Қ.Аманжолов атындағы балалар музыка мектебінің музыка пәнінің ұстазы Ж.Т.Батырбекұлы және Ә.Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университет студенттер, Қ.Сәтбаев атындағы гимназия оқушылары қатысты. Кездесу кештің спикерлері Ә.Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің «Геология және пайдалы қазбалар кен орындарының барлау» кафедрасының аға оқытушысы, PHD доктор С.И.Бақытқызы, Қ.Сәтбаев атындағы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.Ж.Аймағанбетова ғалымның ғылымдағы жолына жан-жақты тоқталды.
Тағлымы мол шарада «Қазақ халқының ұлы ғалымы» және «Қ.Сәтбаевтың өмір жолы» бейнебаяны көрсетіліп, оның елі үшін жасаған елеулі еңбектері ортаға салынып, оқырмандар біраз деректерге қанық болды. Сонымен қатар ақын-жазушылардың Қаныш ағамызға арналған шығармалары мәнерлеп оқылып және Қ.Аманжолов атындағы балалар музыка мектебінің ұстазы Жанболат Батырбекұлы әсем әнін оқырмандарға тарту етті.
Модератор ол геолог қана емес, әдебиетші, тарихшы, этнограф, математик, педагог болғандығы жөнінде ақпарат беріп өтті.
Кездесу кеш барысында келген қонақтар Қ.Сәтбаевтың Қазақстан ғылымына сіңірген еңбегі мен тұлғалық болмысына байланысты ойларымен бөлісті. Тағылымы мол шара барысында студенттер мен оқушылар ғалым туралы білетіндерін ортаға салды. Бұл әрине студенттер мен оқушылардың бейтарап қалмай, іс-шараға өз үлестерін қосуы деп түсіндік.
Сондай-ақ оқырмандарға «Қазақтың Қанышы» атты кітап көрмесіне шолу жасалды. Кітапханамызда халқының лайықты ұлы Қ.Сәтбаевтың ұшан-теңіз еңбегін дәріптеу әлі де жалғасын таба бермек.
 
420213091 956371816158629 1857106867599414379 n     420261518 956371809491963 7609534207795521050 n
 
Яндекс.Метрика