2023 жылдың 21 сәуір күні М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханасында Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай "2023 жыл - Түркі өркениетінің даму жылы" аясында "Түркі өркениетінің даму жолы" кітап-шоу фестивалі өткізілді.
Фестиваль барысында спикерлер: Қарағанды «Bolashaq» Академиясының» филология ғылымдарының кандидаты, профессор, «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі, лингвист-түрколог Сембиев Құрманғазы Зәкірұлы; Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің тарих факультетінің аға оқытушысы Смағұлов Нұртас Бірлікұлы, Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейінің жалпы тарих, археология және этнография бөлімінің кіші ғылыми қызметкері Манат Абзал түркі өркениетінің тарихы, түркі жазбалары, сол заманғы археологиялық қазбалар жайлы мағлұматтар берді. Қарағанды облысының бейнелеу өнері музейінің тақырыпқа байланысты көрмесі және «Түркі әлемінің бірлігі» атты кітап көрмесі оқырмандар назарына ұсынылды. Сонымен қатар Тәттімбет атындағы өнер колледжінің халық аспаптар бөлімінің 1 курс студенттері Марат Аяжан және Қали Ақжан қазақтың ұлттық аспаптары қобыз бен домбырада күйдің әсем үнімен шарамыздың сәнін келтірді. Және фестиваль аясында буккроссинг пен сирек кітаптар көрмесі де ұйымдастырылды.

Kitap schou   Kitap schou1   Kitap schou2

Яндекс.Метрика