М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханада "Бір ел — бір кітап" акциясы аясында Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай "Маса" өлеңдер жинағын талдау бойынша ашық іс-шара өткізілді. Мақсаты: А.Байтұрсынұлының өмір жолы мен мол шығармашылық мұрасын талдап, тарихи маңызын анықтау, шығармалары арқылы ұлттық құндылыққа тәрбиелеу, мысалдарының мазмұнын ашу арқылы оқушыларды ынтымақтастыққа, ауызбіршілікке тәрбиелеу, шығармаларын дәріптеуге үйрету. Ашық іс-шара барысында №4 кітапхана филиалының меңгерушісі Д.М.Ақпанбек Ахмет Байтұрсынұлы туралы менталды картамен таныстырды.