2022 жылдың 1 шілде күні "Қарағанды қ. орталықтандырылған кітапхана жүйесі КММ-нің М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханасында Ұлттық домбыра күніне орай "Домбырам асыл мұрам" атты шеберлік сабағы өтті. Шеберлік сабағы барысында кітапхана қызметкері келушілерге қасиетті аспаптың тарихы, домбыра туралы ақпарат беріп, ойындар өткізді. Шеберлік сабағына домбырада ойнауды үйренгісі келетін оқырмандар қатысты. Шеберлік сабақтың қонағы кәсіби маман, Алматыдағы консерваторияның түлегі, Республикалық байқаулардың жүлдегері "Есіл" студиясының оқытушысы Ерасыл Теміреев. Ол балаларға домбыра үйренудің бастапқы кезеңдерін көрсетіп, соңында Н.Тілендиевтің «Әлқисса» және Қ.Ахмедияровтың Н.Тілендиевке арналған «Арнау» күйлерін орындады.

291183515 571567154639099 1454362405435886592 n   291352830 571567107972437 4638598137459750798 n  291566453 571567071305774 8971377234541309463 n

Яндекс.Метрика