Қазақ публицистерінің арасында ғарыш тақырыбын алғаш жазған авторлардың бірі – Жүсіпбек Қорғасбек. «Қазақ әдебиетіндегі» «Туған тұғырдан ғарышқа» ұшар деп үміттенген қос қазақтың бірі – Совет Одағының Батыры Тоқтар Әубәкіров» /ҚӘ. 1991, 25 қаңтар/ – деген Жүсіпбек Қорғасбековтің мақаласы газет бетіне алғаш басылды. Мақалада Тоқтар қазақ жұртына тұңғыш рет таныстырылды. «…Ол Тоқтар Әубәкіровтің туған жер төсінен, Байқоңырдан космосқа сапар шегуге мүмкіндік алуы болып отыр… Өйткені, біз үшін қазақ азаматының ғарышқа ұшуы – қазақ жерінің осыған дейін космосты игеруге қосқан орасан зор үлесінің символы іспетті көрінері хақ…» – деп тебіренеді Жүсіпбек Қорғасбек ағамыз.

Яндекс.Метрика