«Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

  өткізген мәдени шаралар ақпараты

       2019 жылдың 06 қараша күні М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапхананың және  №22 мен №5 балаларға  қызмет көрсету филиалының қызметкерлері латін әліпбиі бойынша сабақ өткізді.

       М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапхананың қызметкері Калышбаева А.Ж «Латын әліпбиіндегі өзгерістер» тақырыбында түсіндірме  сағатын өткізді. Ал №22 кітапхана – филиалының кітапханашысы Өртенхан.П «Латын қаріпінің бірге жазу емлесі»  атты ақпараттық сағат өткізді. Іс-шара барысында екі түбірден құралған бір ғана зат пен ұғым атауы бірге жазылатыны  жөнінде түсіндіріліп, бірнеше мысалдар келтірілді. Сонымен қатар №5 балаларға қызмет көрсету филиалында, №85 ЖББОМ 5 «Ә» сынып оқушыларына  арналған «Латын әліпбиі – жаңа көшке бастар керуен» ойын сабағы өткізілді. Іс – шара барысында оқырмандарымыз латын қарпінің тарихымен танысып, мәтіндерді  оқуға дағдыландырды.

IMG20191106111849   IMG20191106111602   IMG 20191106 WA0009

       2019 жылдың 06 қараша күні М.О. Әуезов атындағы орталық қалалық кітапхана қызметкерлерінің арасында өзін-өзі дамыту және қазақ ақындарын тереңдете оқу мақсатында талқылау сағаты өткізілді.  Оңда С.Қалиев, М.Әлімбаев, Б.Соқпақбаев сынды авторлардың  шығармашылықтары туралы айтылып, әр қызметкер өзі оқыған туындысынан үзінділер оқыды.

IMG 20191106 WA0016

       2019 жылдың 7 қараша күні №27 кітапхана-филиалының қызметкерлері ЖББОМ №21 мектептің оқушылары үшін Ә. Кекілбаевтің «Аңыздың соңы» кітабы мен А.Тәжібаеваның өлеңдеріне негізделген «Бір ел, бір кітап» акциясы аясында «Жазушылардың көп қырлы таланты» атты ақпараттық сағат өткізді. Шара барысында кітапханашы жазушы Ә.Кекілбаев пен ақын А.Тәжібаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы айтып, романның мазмұнын қысқаша сипаттап, А.Тәжібаевтың өлеңдерін оқып, оқушыларды акцияға қатысуға және осы кітаптарды оқуға шақырды. Мақсаты: жастардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, осы авторлардың өмірбаяны мен шығармашылығымен таныстыру.

111   1111

 

Яндекс.Метрика