«Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ

іс-шаралары туралы ақпарат

       2019 жылы 16 қазанда «Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-де АНТ жұмысы аясында ҚР Президентінің "Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауының ережелерін түсіндіру мақсатында, МӘМС жүйесінің негізгі қағидаттарын түсіндіру, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру кезеңдерін енгізу бойынша және ақпараттық материалдарды тарату мақсатында №29 кітапхана-бөлімшесі оқырмандарының медициналық қызметкерлермен кездесуі өтті. Іс-шараға БПНД бірінші бөлімінің меңгерушісі Н. Н. Шутилина, БПНД екінші бөлімінің аға медбикесі Е. А. Муканова, БПНД бөлімінің меңгерушісі Е. Н. Соловьева қатысты. Кездесу барысында МӘМС енгізудің негізгі мәселелері, оны іске асыру кезеңдері және медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру шаралары талқыланды.Кітапхана оқырмандары МӘМС енгізуіне байланысты барлық сұрақтар бойынша түсініктемелер және ақпараттық буклеттер алды. Іс-шараға МӘМС туралы мерзімді басылымдар көрмесі ұйымдастырылды. Одан әрі кітапхана қызметкерлері Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауының ережелерін түсіндіру аясында алға қойылған жалпы мемлекеттік өзекті міндеттері, қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру, шағын және орта бизнесті дамыту, зейнетақы жүйесінің тиімділігі, міндетті медициналық сақтандырудың артықшылықтары және т. б. туралы айтып берді.

20191016 120810   20191016 131833   20191016 123913

16 қазан күні №12 балаларға қызмет көрсететін кітапхана бөлімшесінің оқу залында «Міндетті медициналық қорғау-халық кепілдігі» атты  ақпараттық сағаты өткізілді. Шараға Облыстық қан орталығының  бөлім меңгерушісі О.В. Чернышова және дәрігер А.С. Жумагалиева қатысып жиналған көпшіліктің сауалдарына жауап беріп, міндетті медициналық сақтандыру туралы әлеуметтің және құқықтық жақтарынан толық ақпарат беріп, бұл пилотты проект Қарағанды облысында бірінші болып қолға алынғанын атап айтты.

IMG 20191016 110729   IMG 20191016 112539   IMG 20191016 113041

Яндекс.Метрика