«Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ 

өткізген мәдени шаралар ақпараты

            2019 жылдың 5 қыркүйек күні № 22 кітапхана - филиалында Қазақстан халқының тілдері күніне арналған «Халықтар достастығы – тілдер достастығы» атты диалог алаңы өтті. Шараға № 8 ОМ мектеп оқушылары мен кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты. «Халықтар достастығы – тілдер достастығы»  кітап көрмесі әр түрлі ұлт өкілдерінің достығы туралы және тілдерді одан әрі оқып үйрену үшін кітапханада қандай кітаптарды алуға болатыны туралы өз кітап-иллюстрациялық сюжеттерін ашып берді. Онда қазақ, неміс, француз, ағылшын сөздіктері ұсынылды.Осындай іс-шаралар оқушылардың басқа халықтардың тілдерін меңгеруге ұмтылысын қалыптастырады.

2019 09 05 12 38 52 694   2019 09 05 12 40 15 629

            2019 жылдың 5 қыркүйек  №12 балаларға қызмет көрсететін кітапхана-филиалында №53ОМ-тің 8 «а» сынып оқушыларымен «Латын әліпбиі-мемлекеттік тіл тірегі» атты танымдылық сағаты өткізілді. Аталмыш шарада балалар көптеген мәліметтер алып, қызықты танымдылық мағлұматтармен танысты. Кеш соңында балалар дайындалған стенд парағына өздерінің тілектерін латын және басқада тілде ескерткіш ретінде қол таңбасын қалдырды, сонымен қатар балаларға латын әліпбиі таратылды.

IMG 20190905 122222   IMG 20190905 123336

            2019 жылдың 05 қыркүйек күні №15 балаларға қызмет көрсету филиалымен тығыз байланыста жұмыс жасайтын ЖББОМ  №86-шы мектебімен «О, құдыретті  икемді тіл, сіз ғұлама адамдардың аузындасыз» атты интеллектуалды сайыс өтті. Шараның мақсаты:  оқушылардың тіл туралы танымдық деңгейін көтеру, жас ұрпақты ана тілінің қадір-қасиетін түсіне білуге шақыру, олардың халқына деген, еліне деген махаббатын арттыру. Ақын, қазақ әліпбиінің атасы, түркі тілтану  ғылымының ағартушысы  Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығымен  таныстырылып ойын түрінде өткізілген шара өте тиімді өтті.

IMG 20190905 WA0011   IMG 20190905 WA0012

Яндекс.Метрика