«Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ  өткізген мәдени шаралар ақпараты

6 наурыз күні Орталық қалалық кітапханада Қарағанды қаласының 85 жылдығы аясында "Қарағанды қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" ММ қолдауымен №52 ЖББОМ 4 сынып оқушылары үшін 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған "Көктем патшалығының патшайымы" атты әдеби-музыкалық кеш өтті. Іс-шараның қонағы қазақстандық композитор, ақын, музыкалық педагог, Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі Мельникова Людмила Евгеньевна болды. Іс-шара жүргізушінің көктем, махаббат және сұлулық мерекесімен құттықтаудан басталды, ол жиналғандарға 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнінің шығу тарихы туралы айтып берді. Содан кейін сөз Л. Е. Мельниковаға берілді, ол Қарағандыдағы, өнер әлеміндегі өзінің шығармашылық жолдары туралы айтып, жақсы музыка талғамды дамытып, адамды музыкалық шығармалардың тарихымен таныстырып, оны әнді бағалаушы етіп қалыптастыратынын айтты. Бұл кеште Халықаралық әйелдер күніне арналған өлеңдер мен әндерге үлкен көңіл бөлінді. Л.Е.Мельникованың орындауында «Қарағанды», «Фестиваль», «Мамочка моя» сынды өлеңдер айтылды. Сонымен қатар музыкалық сыйлық тетінде «Павлодар мюзикл» конкурсының лауреаты Виктория Чайковскаяның орындауындауында әндер шырқалды. Шара соңында қатысушылар назарына Л. Е. Мельникованың шығармашылығы бойынша «И оживает жизнь в стихах...» атты әдеби шолу ұсынылды, тақырыптық мобильді кітапхана құру үшін композитордың бірқатар кітаптарына авторлық шарт жасалды, М. О. Әуезов атындағы ОҚК қоры автор сыйлаған ноталық басылымдармен толықтырылды.

       DSC1140    DSC1162    DSC1166    DSC1167

Яндекс.Метрика