«Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ
өткізген мәдени шаралар ақпараты.
Биыл «Невада-Семей» халықаралық антиядролық қозғалысына 30 жыл толып отыр.Осы күнге орай №15 кітапхана-филиалында және М. О. Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханада мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізілді. Аталған іс-шаралардың мақсаты - ядросыз әлем үшін идеяларды ілгерілету, жас ұрпақтың бойында патриотизм, мақсаткерлік және өзін-өзі белсендіру сияқты қасиеттерді қалыптастыру. 2018 жылдың 28 ақпанында №15 кітапхана-филиалының балаларға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі А. Ж. Искакова тарих пәнінің мұғалімі А. Р. Зекеновамен бірлесіп №86 ОММ жоғарғы сынып оқушыларына ««Невада-Семей» халық қасіретінен туған қозғалыс» атты тарихи сағат өткізді. Оқушылар жүргізушілерді үлкен қызығушылықпен тыңдап, сұрақтарға белсенді жауап берді және тарих пәні бойынша өздерінің кең білімдерін көрсетті.
2019 жылдың 27 ақпанында М.О.Әуезов атындығы Орталық қалалық кітапхананың қызмет көрсету бөлімінің кітапханашылары №52 жалпы орта мектебінің 8 сынып оқушыларына «Невада-Семей»атты ақпараттық сағат ұйымдастырды. Іс-шара барысында кітапханашылар Семей ядролық сынақ полигонының тарихы, алғашқы зардаптары, «Невада-Семей» қозғалысы туралы айтып берді. Полигон зардаптарына арналған бейнероликтер көрсетілді. Шара соңында балалардың назарына «Ядролық қатерсіз ғаламшар» атты кітап көрмесіне шолу ұсынылды.
Қала кітапханаларында «Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ жұмыс жоспарына сәйкес қазақ тілін латын графикасына көшіру бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде.Бұл іс-шаралардың мақсаты балаларды қазақша латын графикасында негізделген жаңа әріптерменжазуға дағдыландыру. 2019 жылдың ақпан айында №5 балаларға қызмет көрсету кітапхана-филиалында«Жаңа әліппені үйренеміз» атты кеңестік бұрыш жұмысыұйымдастырылды.Оқырман-балаларжаңаәліпбиментанысып, латынграфикасында жазудыүйренді.Кітапхана қызметкерлері кітап көрмесіне шолу жасап, орфографияның жаңа ережелері туралы бейне материалдар көрсетті.
2019 жылы 28 ақпан күні № 1 балаларға қызмет көрсету кітапхана-филиалында жас оқырмандармен ақпарат күні өткізілді.Кітапханашылар әр қатысушымен алдын ала латын графикасы туралы жеке, түсіндірме әңгіме өткізді, жаңа әліпби жазулары туралы бейне ресурсты көрсетті. Өткізілген іс-шара барысында балалар тапсырманы жеңіл орындап, қысқа мәтіндерді жазу қиынға соқпағанын, себебі ағылшын тілін білгендіктен барлық әріптер оларға таныс екендігін атап айтты.