Абай мұрасы - адамды адам етіп тәрбиелеудің, жан - жақты дамыған зияткер тұлға қалыптастырудың қайнары деп білеміз. Абай тағылымы арқылы бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне қажет рухани мұраларды сіңіру, жастарымыздың бойына ізгіліктің, адамгершіліктің рухани нәрлі дәнін егу – мүлт кетпес мүддеміз деп білеміз. Ұлы дана мұрасы білім, ғылымның ғана көзі емес, оның тағылымы - тәрбиенің де қайнар бұлағы.
М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапхананың «Өлкетану» бөлімінің ұйымдастыруымен Абайдың асыл мұрасын насихаттау мақсатында Ұлы Абайдың 179 жылдығына орай «Абай әндері қалықтасын» атты кездесу өткізілді. Шараға ҚР Білім беру ісінің үздігі, ардагер ұстаз - Зина Камалиева, «Ақниет» ансамбілінің мүшесі – Ботантаева Жәмила, «Көзкөргендер» ансамбілінің мүшесі - Көрікбаев Хамит, «Сәулем-ай» ардагерлер ансамбілінің мүшелері, Қарағанды қаласының жастар ресурстық орталығы, Қарағанды облысы "Жасыл ел" жастар еңбек жасақтарының тобы, Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының мүшелері, кітапхана оқырмандары қатысты. Іс-шараны модераторлар құттықтау сөзбен ашып, Абай Құнанбаевтың әндерінің шығуы мен насихатталуына тоқталып өтті. Шараға келген қонақтар мен оқырмандар Абай әндері жайында ой бөлісіп, пікір алмасты. Кездесу барысында Абай әндері орындалып, ақын әндерінің бүгінгі күндегі құндылығы жан-жақты талқыланды. Іс-шараға қатысушылар Ұлы Абайдың ән өнеріне қосқан үлесіне ерекше баға берді.
Сонымен қатар шара барысында "Ақниет", "Көзкөргендер" ансамбльдерінің орындауында әндер шырқалды. Шара соңында жиналған көпшілік «Көзімнің қарасы» әнін орындады.
 
Abay   Abay1   Abay2
Яндекс.Метрика