«Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-де «90 жылдыққа 90 кездесу» жобасы аясында ҚР ІІМ құрметті қызметкері, запастағы генерал-майоры, заң ғылымдарының кандидаты, профессор Мирлан Қызыловпен «Әділдік жолындағы азамат» атты кездесу кеш өтті. Кеш қонақтары: Заң ғылымдарының кандидаты, запастағы полиция полковнигі, «Облыстық қазақ тілі және мәдениеті қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Серімов Елеужан Елемесұлы, запастағы полиция полковнигі Ізбасқан Нысанқұлов, дәстүрлі әнші Ержан Базарбеков, Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының I курс курсанттары, Қарағанды қаласының жастар ресурстық орталығы, Қарағанды облысы "Жасыл ел" жастар еңбек жасақтарының тобы, «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығының мүшелері, Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы ауданының қоғамдық ардагерлер кеңесінің мүшелері қатысты. Кездесуде модератор оқырмандарға Мирлан Қызыловтың ұзақ жылдар бойы құқық қорғау саласында еңбек еткен жолдарына, ең төменнен бастап, генерал-майор шеніне жеткені туралы ақпарат беріп өтті. Кездесу барысында кеш кейіпкері оқырмандарға өзінің балалық, студенттік шағы және генерал-майор болғанға дейінгі өткен жолы, өмірінің қызықты, әсерлі сәттері туралы баяндап берді. Іс-шара барысында М.Қызыловтың ұстаздары, әріптестері, замандастары ақпаратпен бөлісті. Қатысушылар кеш кейіпкеріне сұрақтарын қойып, еркін форматта пікірлесті. Сондай-ақ, кітапхана қорына өзі жазған кітабын да сыйға тартты. Іс-шара соңында модератор қонақтарға алғысын білдіріп, кездесуді қорытындылады.

24   25   26

6 шілде күні "Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ, Қарағанды қаласының ОКЖ қолдауымен "Астана күні" мерекелеу аясында Орталық мәдениет және демалыс саябағында "Киіз үйдегі кітапхана" жобасының ашылуы өтті.

Сондай - ақ киіз үйде Астана күніне арналған "Менің сүйікті - Астана" ойын-сауық алаңы өткізілді.

Киіз үй қонақтары үшін әдебиеттерді қарау дайындалып, көптеген конкурстар, ойындар мен вткториналар өткізілді.

18   19   20   21

Астана қаласы күніне орай 2024 жылдың 5 шілде күні “90 жылдыққа-90 кездесу” жобасы аясында М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханада ақын, облыстық, республикалық жыр мүшәйраларының жүлдегері, ақын Иманбеков Қайрат Берікболұлымен “Еңселі Елорда, асқақтаған Астана” атты тақырыптық кездесу өткізілді.

20   21  22

11 шілде күні М. О. Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханада «90 жылдыққа - 90 кездесу» жобасы аясында Қарағандылық ақын Вера Александровна Голобородькомен шығармашылық кездесу өтті.
Кездесу барысында қаланың 90 жылдығына, Қарағандының табиғатына арналған ақындардың өлеңдері, сондай-ақ ақынның махаббат, адами қатынастар және тарихи оқиғалар туралы таңдаулы өлеңдері оқылды.
Сонымен қатар, шығармашылық кеш барысында Вера Александровна биыл жарыққа шыққан өзінің «Дорогами памяти» бесінші өлеңдер жинағын таныстырды. Ақын жинақтың әр бөлімі туралы айтып, жаңа шығармаларын оқыды.
 
15   16

М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханада Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күніне орай «Бұқаралық ақпарат құралдары – қоғам айнасы» атты кездесу өткізілді. Шараға ҚР Журналистер Одағының мүшесі Сұмағұл Аңғар Мағозұлы, «5 арна» келекомпаниясының журналис Ақсәуле Еділқызы, «1 Қарағанды» теларнасының жаңалықтар бөлімінің редакторы Сейсен Айжарқын Аспандиярқызы, «5 канал» телеарнасының журналисі Азаматқызы Айжібек, «Индустральная Караганда» газетінің журналисі Бұқарбай Қайныш Серікқызы қатысты. Баспасөз тілшілерін кітапхана ұжымы құттықтап, жылы лебіздерін білдіріп, оқырмандар әсем әнмен шашу шашты. Кездесу барысында келген қонақтар оқырмандарға еңбек жолдарының қызықты сәттерін ортаға салып, журналистика мамандығының ерекшелігі мен жауапкершілігі жөнінде тәжрибелерімен бөлісті. Болшақ журналистерге ақыл- кеңестерін айтып, оқырмандар сұрақтрына жауап берді.

78   79   80

Ішкі категориялар

Яндекс.Метрика