10 сәуірде Мұхтар Омарханұлы Әуезов атындағы кітапхананың балалар бөлімінде "90 жылдыққа - 90 кездесу" жобасы аясында композитор, ақын және педагог Людмила Евгеньевна Мельниковамен шығармашылық кездесу өтті.
Іс-шараға академик Е .А.Бөкетов атындағы жалпы білім беретін мектептің 2 "В" сынып оқушылары қатысты. Автордың өзі №45 гимназияның 5 "В" сынып оқушысы Тойшибекова Лунарамен, № 30 білім беру мектебінің 7 "Г" сынып оқушысы Аня Савченкомен бірге әндерін орындады. Людмила Мельникованың авторлық өлеңдерін академик Е.А.Бөкетов атындағы мектептің 1 "Г " сынып оқушылары Чернецкий Артем және Попова Вероника оқыды.
Іс-шара жарқын, жағымды нотада өтті - балалар автордың әндерін тыңдап, шырқады, белсенді сұрақтар қойып, әңгімеге қатысты. Олар үшін Людмила Мельникованың әндеріне анимациялық клиптер мен мультфильмдер көрсетілді.
Кездесудің мақсаты - балаларды қарағандылық балалар композиторымен таныстыру және олардың назарын Қарағанды қаласының 90 жылдық мерейтойына аудару.
 
436150465 959289012533576 8066273939846956055 n      436358368 959288862533591 3320963777825537525 n     436614262 959289055866905 5014132541491439797 n
Яндекс.Метрика