2021 жылы "Бір ел - бір кітап" республикалық акциясы

     Мемлекет басшысы Қ-Ж.Тоқаев 2021 жылды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы жылы деп жариялады. Осыған байланысты "Бір ел – бір кітап" республикалық акциясы ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған. Білім беру мекемелері мен кітапханалардың қызметкерлері арасында жалпы оқу үшін "Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына - 30 кітап" атты 30 кітап іріктеліп алынды.

     "Тәуелсіздіктің 30 жылдығына – 30 кітап" республикалық акциясы аясында жалпы оқу үшін танымал қазақстандық авторлардың поэзия, проза, драматургия, балалар әдебиеті және аударма саласындағы 30 үздік туындысы таңдалды.

     "Бір ел - бір кітап" республикалық акциясы елімізде 2007 жылдан бері ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Ұлттық Академиялық Кітапханасы мен ҚР кітапханалар қауымдастығының бастамасымен өткізіліп келеді.

     "Бір ел – бір кітап" акциясы қоғамның жалпы және отандық әдебиеттерді, атап айтқанда, классика мен қазіргі заманғы әдебиет пен поэзияны оқуға деген қызығушылығын одан әрі арттыруға бағытталған.

     Сізге оқуға ұсынылатын кітаптардың тізімін ұсынамыз. Тізімдегі барлық кітаптарды Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесіндегі кітапханалардан оқи аласыздар.

Поэзия

1. Мұқағали Мақатаев «Өмірдастан»

2. Жұмекен Нәжімеденов «Менің Қазақстаным»

3. Ұлықбек Есдәулет «Киіз кітап»

4. Серік Ақсұңқарұлы «Көкейімде Күлтегіннің жазуы»

5. Тоқтарәлі Таңжарық «Түн парақтары»

6. Бақытжан Қанапиянов «Достояние души»

Проза

1. Тынымбай Нұрмағамбетов «Періштелердің өлімі»

2. Тобық Жармағамбетов «Отамалы»

3. Сәуле Досжан «Қасірет пен тағдыр»

4. Юрий Серебрянский «Дәмді де пайдалы қазақстандық әдебиет»

5. Дәурен Қуат «Бөрісоқпақ»

6. Тұрысбек Сәукетай «Желқайық»

Драматургия

1. Рахымжан Отарбаев «Айна ғұмыр» пьесалар жинағы

2. Дулат Исабеков «Жеті желкен» пьесалар жинағы

3. Мәдина Омарова «Көмбе нанның дәмі»

4. Иран-Ғайып «Қорқыттың көрі» пьесалар жинағы

5. Думан Рамазан «Пешене» пьесалар жинағы

6. Сая Қасымбек «Жанталас»

Балалар әдебиеті

1. Ыбырай Алтынсарин «Өнер-білім бар жұрттар»

2. Бердібек Соқпақбаев «Жекпе-жек»

3. Марат Қабанбаев «Жиһангез Тити»

4. Толымбек Әбдірайым «Алабұға аулаған күн»

5. Зира Наурызбаева, Лиля Калаус «Алтын тостағанды іздеу»

6. Мәди Айымбетов «Бар болғаны он төрт жас»

Аудармалар

1. Юсупов Кеңес, Габриель Гарсиа Маркес «Жүз жылдық жалғыздық»

2. Әдетов Бекболат, Эрих Мария Ремарк «Аманат өмір»

3. Ахметов Әділ, Агата Кристи «Ғайып болған миллион»

4. Меллат Төлеген, Халид Хусейн «Жарқыраған мың күн»

5. Мәзен Динара, Ж.К. Роулинг «Хәрри Поттер мен жасырын бөлме»

6. Құрметұлы Амангелді, Орхан Памук «Менің атым – Қырмызы»

Яндекс.Метрика