2020 жылы «Бір ел - бір кітап» ациясы
2020 жылы «Бір ел - бір кітап» Республикалық акциясының қазылар алқасының шешімі бойынша Қазақстанда жалпыға ортақ оқуға арналған жылдың бас кітабы ретінде көрнекті қазақ жазушысы, қоғам қайраткері, ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан ҒА академигі (1946), ғылым қайраткері Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың «Абай жолы» (Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына) және қазақ жазушысы, белгілі публицист, қоғам қайраткері Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» (Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына) шығармалары танылды.
Мұхтар Омарханұлы Әуезов (1897-1961)
Мұхтар Әуезов Шыңғыс тауына жақын, Абай Құнанбаевтың жерінде дүниеге келіп балалық шақтарын сонда өткізген. Болашақ жазушының әкесі мен атасы Абаймен достық қарым-қатынаста болған, оның өлеңдерін жас Мұхтар ыстық ықыласпен жақсы көретін және жатқа жаттайтын.
1908 жылы ауылда бастауыш мектепті бітірген М. Әуезов Семей қаласына көшіп, орыс училищесіне, кейін Семей мұғалімдер семинариясына оқуға түсті. 1917 жылы ол тұңғыш шығармасы – «Еңлік – Кебек» пьесасын жазды.
1919 жылы семинарияны бітірген соң М. Әуезов Семей губерниялық атқару комитетінде, губерниялық сотта, Орынбор – сол кездегі Қазақстанның астанасы ҚазОСК-та жұмыс істеген.
1923-1928 жылдары Ленинград мемлекеттік университетінде оқып, содан кейін Ташкентте Орта Азия мемлекеттік университетінің аспирантурасында оқып жүріп қазақ әдебиетінен дәріс берді. 20-шы жылдары М. Әуезов бірнеше әңгімелер жазды, «Қараш-қараш оқиғасы» (1927) повесін жазды. Орынборда жеке басылым болып шыққан «Еңлік – Кебек» пьесасын өңдеді (1922). 1926 жылы осы пьеса қойылымымен Қызылордада алғашқы қазақ театры өз қызметін бастады. Одан әрі М. Әуезов 20-дан астам пьесаны, оның ішінде Ұлы Отан соғысы жылдарында – «Сын сағаты», «Ар-Намыс гвардиясы» (бірлескен автор А. Әбішев) және қазақ батырлық эпосы - «Қобланды» бойынша; орыс жазушысы Л.Соболевпен бірлесе – «Абай» трагедиясын жазды. Ұзақ жылдар бойы жазушы «Абай жолы» роман-эпопеясымен, содан кейін «Қилы заман» (аяқталмай қалды) романымен жұмыс жасады. Ол У.Шекспирдің «Отелло», Н. В. Гогольдің «Ревизор» және т.б. қазақ тіліне аударды.
М.Әуезов ірі ғалым-шығыстанушы, КСР Ғылым Академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы болған. М. Әуезов редакциясымен және оның қатысуымен «Қазақ әдебиеті тарихының» он томдықтың алғашқы томы және қазақ әдебиеті бойынша басқа да елеулі еңбектер жасалды. Бірақ 30-шы жылдардың басында Қазақстанда қуғын-сүргін басталады. Оған Мұхтар Әуезов те ілігеді. Ол қамауға алынып, оппозициялық ұйымға қатысы бар деген айып тағылады. Ол екі жылға қамауға алынады. Босатылғаннан кейін ол оқытушылық қызметті бастай алады және Абай мұрасын зерттеумен тығыз айналыса бастайды. Қазақ фольклоры жайлы жұмыстар, қырғыз халқының «Манас» ерлік эпосы және т.б. туындылар М. Әуезовтың қаламына жатады.
М. Әуезов Ленин орденімен, екі Еңбек Қызыл Ту орденімен, «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталды.
Мұхтар Әуезовтың атымен көшелер аталды, оның атауы білім және ғылыми мекемелеріне, бас драма театрына берілді.
М. Әуезовтың бүкіл шығармашылық өмірінің ісі «Абай жолы» роман-эпопеясы болды. «Оның шығармашылық және ғылыми мұрасының кең ауқымында Мұхтар Әуезовтың «басты кітабы» ширек ғасырға жуық уақытын арнаған «Абай» эпопеясының пайда болуы», - деп жазды Л.Соболев М. Әуезовтың 70 жылдығына байланысты. - Бұл классикалық шығармада мәнерлі, дұрыс табылған тұрмыс, мінез, салт-дәстүр, қалжың оқиғалары мен ойлардың кең ауқымы... Бұл роман – өмірдің өзі. Сондықтан да, өмірдің өзі сияқты, бұл кітап ғасырлар бойы өмір сүретін болады».
Әнуар Тұрлыбекұлы Әлімжанов (1930-1993)
Әнуар Әлімжанов – қазақ жазушысы, прозашы. 1930 жылы 12 мамырда Талдықорған облысы, Қарлығаш ауылында дүниеге келген. Ерте жетім қалып, балалар үйінде тәрбиеленді. 1954 жылы Әнуар Әлімжанов Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика бөлімін бітірген. «Алматинская правда» облыстық газетінде жұмыс істеді, 1955 жылдың наурыз айынан бастап Қазақстан бойынша «Әдеби газеттің» меншікті тілшісі болды. «Ленинская смена» газеті редакторының орынбасары, «Қазақфильм» студиясының бас редакторы, «Правда» тілшісі, кейіннен «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы болды. Ұзақ уақыт бойы Қазақстан Жазушылар одағының бірінші хатшысы болып жұмыс істеді.
«Синие горы» кітабы үшін Ә. Әлімжанов Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығына ие болды (1967 ж.). Қазақстан ЛКЖО ОК сыйлығының лауреаты, Джавахарлал Неру атындағы сыйлықтың лауреаты (1969 ж.).
Әнуар Әлімжановтың шығармашылық қызметінің басталуы, «Ленинская смена» газетінде оның «Учитель» очеркі жарияланған 1952 жылға келеді. Ә. Әлімжановтың алғашқы ірі шығармасы қазақ композиторына арналған «Құрманғазы туралы» кітабы болды.
«Ұстаздың оралуы» - мұсылман Шығысында қыпшақ даласының ұлы Әбу Насыр Әл-Фарабидің кезбесі туралы әңгіме. Жазушы өзінің ұлы атасы – Отырарда өмір сүріп шығармашылық жасаған және бүкіл Шығыста аты танымал данышпан философ әл-Фарабидің ізімен жөнеледі. Автор әңгімеде бас кейіпкердің мәңгі жоғалған қыпшақ Отаны туралы жан-жақты, қайғылы естеліктерін сипаттайды, сондай-ақ философтың ақиқатты іздеудегі кезбелері, сарайлар мен зындандардағы билікпен қақтығыстары және т.б. туралы әңгімелейді.