«Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ өткізген мәдени іс-шаралар ақпараты

      Наурыз мерекесі қарсаңында қала кітапханаларында мәдени-көпшілік шаралар өткізілді.  Аталған іс-шаралардың басты мақсаты-кітапхана оқырмандарының бойында патриоттық сезімдер мен төзімділікті қалыптастыру, пайдаланушыларды Наурыз мерекесімен, оның салт-дәстүрлерімен таныстыру, қазақ халқының мәдениеті мен тұрмысына, салт-дәстүрлеріне деген қызығушылықты тәрбиелеу.

     15 наурыз күні М. О. Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханада балалар бөлімінің қызметкерлері А. Байтұрсынов атындағы №41 мектептің 4 «ә» сынып оқушыларына арналған "Жарқыра, жайна Наурыз" атты әдеби-сазды кеш өткізді. Шара барысында кітапханашылар Наурыз мерекесінің тарихы туралы әңгімеледі. Оқушылар мемлекеттік және орыс тілдерінде өлеңдер, әндер шырқап, ұлттық билер орындады. Кітапханашы Қосжан Гүлмаржан "Наурыз – өмір көктемі" атты викторина өткізіп, кітап көрме-экспозициясына шолу жасады.

20190315 115349 1   20190315 120043   20190315 120701

     15 наурызда №12 балалар кітапханасының оқу залында «Наурыз -  мерекем, құт берекем!» атты мерекелік кеш №53 ЖББМЛ  6 «а» сынып  оқушыларына өткізілді. Іс-шара барысында қатысушыларға ұлы мереке Наурыз мейрамы жайында түсінік беріліп, қазақ халқының салт-дәстүрлері жайлы сұрақтарға балалар белсенділікпен жауап берді. Мерекелік кешке балаларда өз үлестерін қосып, ән айтып, би билеп, жыр жолдарын оқып өнерлерін көрсетті. Айтамбетова Рыскелді «Наурыз жыры», Сәкенқызы Гүлім «Айналайын» әндерін тамылжыта шырқап, Айтмағамбет Нұрислам «Балбырауын» күйін  нақышына келтіріп орындады. Балалардың назарына «Күлдіргі жұмбақтар» ұсынылды. Кешке қатысушылар жұмбақты шешуде өздерінің ұшқыр ойларын көрсетіп, білімдерін жетілдірді. Қазақтың ұлттық «Ақ сандық, көк сандық», «Асық ату», «Қоржындағы сұрақтар» ойындары ойнатылды.

      SAM 0283   SAM 0296   SAM 0320

15 наурыз күні № 83 орта мектепте жоғары сынып оқушыларына арналған № 7 кітапхана-филиалының қызметкерлері «Наурыз - бейбітшілік пен келісім мекені!» атты медиатанысу ұйымдастырды. Шара барысында оқушылар көктемгі Наурыз мерекесі, оның салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары туралы білді. Балаларға «Дәстүрлі Наурыз» атты викториналық сұрақтар қойылып, сұрақтарға жауап беру барысында тапқырлық пен білімділіктерін танытты, шығармашылық ойларын қалыптастырды. Жас оқырмандар назарына «Мереке Наурыз - жыл басы!» кітап көрмесі ұйымдастырылды, көрме арқылы  оқушылар қазақ ұлттық мұрасы мен мәдениетінің ерекшеліктерін көрсететін кітаптар мен журналдармен танысты.

      IMG 20190315 WA0008   IMG 20190315 WA0007   IMG 20190315 WA0009

Яндекс.Метрика