Қазақ тіліндегі әлемдік көркем әдебиеттері
АТАУЫ / НАИМЕНОВАНИЕ | |
Бронте, Ш. Джейн Эйр: роман: ауд. М.Шамұратов / Шарлотта Бронте. - Нұр-Сұлтан: Фолиант, 2021. – 260 б. - Әлемдік классика. Бұл — ешқашан ескірмейтін, құндылығын жоғалтпайтын кітап. Сансыз рет экранға шығарылды, алайда ең сәтті кинофильмнің өзі шығарманың әйел жүрегіне әсер етер барлық әсемдігі мен құдіретін толықтай жеткізе алмайды. «Джейн Эйр» — әлемдік әдебиеттің алтын қорына енген санаулы махаббат романдарының бірі. Экз: аб, 11, 14, 22, 29, 31, 4, 6, 7, 8. |
|
Бунин, И. Арсеньевтің өмірі / И.Бунин. - Қарағанды: "Qasym баспа үйі", 2021. - 398 б. «Арсеньевтің өмірі» автобиографиялық роман. Кітапта дворян, ақын Алексей Арсеньевтің балалық шағынан бастап, кемелдікке келген шағына дейінгі өмірі суреттелген. Роман тек бір ақынның ғұмыры туралы емес. Бұл кітап жалпы жұмыр басты пенденің өмірінің күйініші мен сүйініші, қуанышы мен қайғысы, естеліктері жайлы. Романды қазақ тіліне жазушы Қалихан Ысқақ аударған. Экз: аб, 22, 23, 27, 29, 31, 4, 8, 1ж, 2ж. |
|
Голдинг, У. Шыбындар әміршісі / У.Голдинг. - Нұр-Сұлтан: Фолиант, 2021. - 256 б. Уильям Голдингтің «Шыбындар әміршісі» шығармасы 1954 жылы жарық көрді. Жасөспірім балалар әуе апатына ұшырап, тіршіліктен тыс қалған аралға тап болады. Балалар алғашында үлкендерше тәртіп орнатып, өз бетінше өмір сүрмек болды, алайда бұл тәртіп ұзаққа бармайды. Балалардың арасында билік үшін күрес басталады. Оқиға шиеленісе түседі. Экз: 15, 16, 23, 29, 31, 6. |
|
Гюго, В. Аласталғандар: роман. 2-ші том / В.Гюго. - Нұр-Сұлтан: Фолиант, 2021. - 672 б. Атақты романында Гюго тіршіліктің мәні материалдық өмір емес, имандылық екенін алға тартады. Кезінде орыс әдебиетінің алыбы Лев Толстой француздың таңдаулы романы деп бағалаған бұл шығарма қай заманда да өз құнын жоймақ емес. Экз: аб, 11, 14, 15, 16, 22, 23, 27, 29, 31, 4, 6, 7, 8, 1ж, 2ж. |
|
Крисити, М. Гринвуд: роман: пер. с англ. М. Гурвица / Майкл Крисити. - Нур-Султан: Фолиант, 2021. - 560 с. Это «Гринвуд» — эпический роман об истории нескольких поколений, в котором неожиданное наследие далекого островка с реликтовым лесом у побережья Британской Колумбии соединило судьбы пятерых человек на протяжении столетия. Экз: аб, 14, 15, 16, 22, 23, 29. |
|
Кристи, А. Олар он еді: роман: ауд. Қ.Қараманұлы / А.Кристи. - Нұр-Сұлтан: Фолиант, 2022. – 192 б. - (Әлемдік детектив шеберлері). Оқиға желісі Сарбаз аралында өрбиді. Бір-біріне мүлдем бейтаныс он адам арнайы шақыртумен аралға келеді. Бірақ ешқайсысы да нақты кімнің шақырғанынан бейхабар. Міне, бар жұмбақ осы жерден басталады. Экз: аб, 29. |
|
Лондон, Д. Ақ Азу / Д.Лондон. - Алматы: "Мазмұндама" қоғамдық қоры, 2022. - 268 б. Мүнда Аляскада қолға үйpeтiлгeн қасқырдың тағдыры жайлы баяндалады. Күшік кезінде ол шешесімен (Кичи деген есімі бар жартылай ит, жартылай қасқырмен) бірге үндістердің қолына түседі. Содан бері оны Ақ азу деп атайтын болады. Ақ азудың бір-біріне ұқсамайтын иелері болады, ол төрт түрлі өмірді басынан өткереді: жануарлар әлемі — үндістер — Сылқым Смиттің қорқынышты әлемі — махаббат пен ақылдың әдемі әлемі. Экз: аб, 11, 14, 15, 16, 4, 6, 7, 8. |
|
Лондон, Дж. Тектік сарын: хикаят, әңгімелер: ауд. Д.Әшімхан / Дж.Лондон. - Нұр-Сұлтан: Фолиант, 2021. – 248 б. - (Шытырман оқиғалар). «Тектік сарын» хикаятында Бэк атты иттің таңғажайып тағдыры баяндалады. Кітаптың алғашқы таралымы бір-ақ күнде сатылып, жазушыны әлемге танымал еткен. Жинаққа қаламгердің бір топ әңгімелері де енгізіліп отыр. Экз: аб/б, 11б, 12б, 15б, 16, 1б, 23, 29, 5б, 6. |
|
Олкотт, Л.М. Кішкентай ханымдар: роман: ауд. Ө.Ахмет / Л.М.Олкотт. - Нұр-Сұлтан: Фолиант, 2021. - 360. - (Әлемдік классика). Романда апалы-сіңлілі төрт қыздың балалық шағы жайлы оқиғалар желісі баяндалады. Марч әулетінің апалы-сіңлілері — сұлу Маргарет, ер мінезді, жайсаң Джо, мейірімді Бесс және жаны нәзік Эмидің әрқайсысының өз арман-мақсаты, тілегі бар. Экз: аб, 14, 15, 16, 22, 29, 31. |
|
Хоссейни, Х. Батпырауық қуған бала: роман: ағыл. тіл. ауд. Д. Әлімақын. - Нұр-Сұлтан: Фолиант, 2021. - 368 б. - (Үздік шетел әдебиеті). Романның негізгі кейіпкерлері - Әмір мен Хасеннің тағдыры. Әмір мен Хасеннің тағдыры жел ұшырған батпырауықтай заманның аласапыранымен әр тарапта әр қилы жалғасады. Романда тек екеуінің ғана емес, пуштун мен хазардың, үстем тап пен қараша халықтың, тәліптері бар, басқа да саяси-әскери төңкерістерді бастан кешкен Ауғанстанның қасіреті баяндалған. Шынайы достық, адалдық пен сатқындық, ақталу мен мойындау шынайы да, шебер берілген. Экз: аб/б, 11б, 12б, 15б, 1б, 5б, ю1. |