М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханада «90 жылдыққа – 90 кездесу» жобасы аясында Жүсіпбек Елебековке 120 жыл толуына арналған «Жүсіпбектің ән - ғұмыры» атты кездесу кеш ұйымдастырылды. Шара барысында модератор майталман әнші, Қазақ КСР-нің халық әртісі, халқымыздың дәстүрлі ән мектебінің көрнекті өкілі Жүсіпбек Елебековтың өнегелі өмір жолы мен тағылымды өнер жолына кеңінен тоқтала отырып, дарын иесінің көпқырлы сан-салалы әншілік таланты арқылы отандық музыкалық мәдениетіміздің тарихына өлшеусіз үлес қосып, халқымыздың ән өнерінің жарқын беттерінде сөнбейтін жарық жұлдызға айналғанын жеткізеді. Кеш қонағы Ж.Елебековтың әндерін насихаттап жүрген Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің "Арай" ансамблінің көркемдік жетекшісі, Тәттімбет атындағы өнер колледжінің оқытушысы, «Құрмет» орденінің иегері Мұсайын Сержан Таранұлы бүгінгі кеш қонағы ретінде шақырылды. Қатысушылар С.Таранұлының орындауындағы Ж.Елебековтың бірнеше әндерін тамашалап, кітап көрмесіне қойылған әдебиеттермен танысты. Кездесуге қатысқан оқырмандар С.Таранұлына рақмет айтып, ризашылықтарын білдірді.

184   185   186

Яндекс.Метрика